рус | укр

Главная

Контакты

Навигация:
Арсенал
Болезни
Витамины
Вода
Вредители
Декор
Другое
Животные
Защита
Комнатные растения
Кулинария
Мода
Народная медицина
Огород
Полесадник
Почва
Растения
Садоводство
Строительство
Теплицы
Термины
Участок
Фото и дизайн
Хранение урожая









Алкоголь мен шылым шегудің ұрпаққа әсері.Салауатты өмір салты.

Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі.
Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.
Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады. Олардың ішіндегі ең улысы – никотин. Адам ағзасы үшін бар болғаны бір-ақ тамшы /ол 10-12 тал сигаретте болады екен/ никотин уы жеткілікті көрінеді.
Темекі тартатын адамда никотиннің ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді. Қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі бұзылады. Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі тартпайтындарға қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен. Бронхитпен ауырушылардың 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады.
Темекі ішкі мүшелер қызметін бұзып, ауруға душар етумен қатар, адамның сыртқы келбетін де бұзады. Түтіннен шыққан зиянды улы заттар беттегі майда қан тамырларын зақымдап, бет терісі ауруларына душар етеді.
Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен.
Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді.
Темекі шегушілік студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе.
Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін 10 пайызға кемітеді екен.
Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.

Алкоголь - арақ адам организміне өте зиянды зат. Арақ ішкен адамның отбасында береке-бірлік болмайды. Қоғамға да, елімізге де зияны көп. Қарындағы алкаголь 2 минуттан соң қанға өтеді. Қан оны организмнің барлық клеткаларына таратады. Бұдан ең алдымен үлкен ми сыңарларының клеткалары зардап шегеді . Арақтың әсерінен адамның еркін қимылы бұзылып, өзін- өзі ұстай алмайтын болады. Алкоголь ми қыртысының маңдай бөлігіндегі клеткаларға сіңгенде адам эмоциядан « ада болып» жөні жоқ қуанады, орынсыз күледі, ұстамдықтан, ұяттан айрылып, ол сау күйінде айтпайтын сөзді айтып, істемейтін істі істейді. Спиртті ішімдіктің келесі жаңа үлгісі жоғары дәрежелі нерв орталықтарын жансыздандыра түседі, бейне күрмеп тастағандай оларға мидың төменгі бөліктерінің қызметіне қатысуға мүмкіндік бермейді, қимылдың, мысалы көз қимылының, үйлесімі бұзылады, аяқ алысы ебедейсізденіп, қисалаңдайды, тілі күрмеледі. Ақылмен ойлану қабілетінен айрылады.

Просмотров: 648

Вернуться в категорию: Вредители

© 2013-2017 cozyhomestead.ru - При использовании материала "Удобная усадьба", должна быть "живая" ссылка на cozyhomestead.ru.