рус | укр

Главная

Контакты

Навигация:
Арсенал
Болезни
Витамины
Вода
Вредители
Декор
Другое
Животные
Защита
Комнатные растения
Кулинария
Мода
Народная медицина
Огород
Полесадник
Почва
Растения
Садоводство
Строительство
Теплицы
Термины
Участок
Фото и дизайн
Хранение урожая









Гендік мутацияға мысал келтіре отырып мысал келтір

Нуклейн қышқылының екі түрі бар:ДНК және РНК монометрі нуклеотид болатын биополимерлер.

Нуклеотидтің құрамы:

1.Рибоза немесе дезоксирибоза

2.Азотты негіз-аденин,гуанин,цитозин,тимин,урацил

3.Фосфор қышқылының (H3PO4)қалдығы.Азоттық негіздің комплементарлары А-T(ДНК),А-У(РНК)Г-Ц.

ДНК(дезоксирибоза қыщқылы молекуласы) бір бірімен кезектесіп тізілген дезоксирибоза қанты мен фосфор қышқылының қалдықтары бар қос орамды екі полимерлі жіпше түрінде болады.Полимерлік жіпшенің әрбір қант қалдықтарына түзу бұрыш бойында азоттық негіздердің біреуі(А,Т,Ц,Г)байланысады.Екі полимерлік жіпше өзара бір бірімен екі жіпшедегі азоттық негіздердің арасында(А-Т ,Г-Ц)сутектік байланыстың түзілуі нәтижеінже байланысады.Яғни бір жіпшедегі А екінші жіпшедегі Т мен сутектік байланыс түзеді.Аденин мен тимин арасында екі,ал цитозин мен гуанин арасында үш сутектік байланыс түзіледі,осыны азоттық негіздердің комплементарлығы деп атайды.

ДНК қызметтері-тұқым қуалаушылық ақпараты мен генетикалық кодты сақтап,ұрпақтан ұрпаққа беру,сонымен қатар белоктың бисинтезіне қатысу.

РНК(рибонуклеин қышқылы)бір тізбекті полимер,оның полимерлі жіпшесі рибоза қант қалығы мен фосфор қышқылы қалдығының кезектесіп орналасуынан тұрады.Жіпшедегі әр қант қалдығына азоттыұ негіздер(А,Г,Ц,У)жалғасқан.

РНК түрлері:

1.Ақпараттық РНК немесе матрициалық РНК(аРНК)ДНК дағы нәруыздар туралы генетикалық ақпаратты көшіру және протеин синтезі жайлы ақпаратты цитоплазмаға жеткізу.

2.Тасымалдаушы РНК(тРНК)амнқышқылдарын рибосомаға.

3.Рибосомалық РНК(рРНК)рибосоманың құрылымдық деңгейін түзеді,осында белок биосинтезі жүреді.РНК белок биосинтезіне қатысады.

 

 

3.Гендік мутация.Мутацияның мұндай түрі жекеленген гендерде болады және жиі кездеседі.Гендік мутация ДНК молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу ретінің өзгеруіне байланысты болады.Мысалы,ДНК құрамындағы қатар тұрған екі нуклеотидтің орын алмастыруға немесе бір нуклеотидтің түсіп қалуы мүмкін.Соның салдарын генетикалық код өзгереді де,тиісті белок синтезделмей қалады немесе синтезделген белоктың қасиеті өзгереді.Ол аяғында келіп,организм белгісінің өзгеруіне апарып соғады.Гендік мутацияның нәтижесінде жаңа аллельдер пайда болады.Мұндай мутацияны селекцияда ,өсімдіктердің жаңа сорттарын,жануарлардың тұқымдарын және микроорганизмдердің жаңа түрлерін алу үшін қажетті материал ретінде пайдаланылады.

 

2.Симбиоз (селбесу) дегеніміз — әр түрге жата даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал – шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасына бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамақ қалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде. пайдаланады. Жоғары дәрежеде дамыған симбиозға термиттер мысал бола ал; Олардың ас ңорыту жолдарында талшықтылар кендейді. Термиттер целлюлозаны гидролиздеуші ферменттерінің болмауына қарамай ағашпен қоректен қабілетті. Мұны олардың орнына талшықтылар ж ге асырады. Ал нәтижеде түзілетін қантты термиттер пайдаланады. Термиттер осы ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды.
Өсімдіктердің арасындағы симбиозға жақсы мысал – қыналар. Қыналар, балдырлар мен саңырауқұлақтар - селбесіп тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі.
Әріптестік бірігіп тіршілік ету. Екі популяция бірлестік түзеді. Бірақ бұл бірлестік міндетті емес. Әр бөлек тіршілік ете алады, бірақ бірігіп тіршілік ету екеуіне де пайдалы. Мысалы, құстардың бірнеше түрінің бірігіп ұя салуы, тырна мен крачка, олардың бірігіп өмір сүруі жауларынан қорғануды жеңілдетеді.

Жыртқыштық. Популяциялардың біреуі екіншісіне қолайсыз әсер ете отырып, пайда алады. Әдетте жемтігін жыртқьш өлтірп, онымен қоректенеді. «Жыртқыш - жемтік» қатынасының негізінде қоректену тізбегі жатыр. Жыртқыштарды зиянды жануарлар деп бір жақты қарастыруға болмайды. Себебі, әдетте жыртқыштың аузына ауру және әлсіреген даралар түседі де, аурудың таралуының алдын алып, популяцияны сауықтырады. Мысалы, қасқырлар орманды тундра мен тундрада солтүстік бұғыларының интенсивті көбеюі мен тіршілік қабілеттілігін арттырады.

Паразитизм (грек тілінен аударғанда parasitus – арамтамақ). Бір түр (паразит) екіншісінің (иесі) денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түрарлық қарым-қатынастарды паразитзм деп атайды. Адам тамаққа шикі немесе шала піскен етті пайдалану нәтижесінде сиырдың таспа құрттарын жұқтырады. Адамның ас қорыту жолына түскен құрттар ересек таспа құртына айналып, сорғыштарымен ішек қабырғасына бекінеді. Адамның ішектері құртты сумен, қорекпен және жылы ортамен қамтамасыз етеді.
Биотикальщ қатынастардьщ түрлердің санын реттеудегі маңызы. Түраралық қарым-қатынастар ценоздардағы ағзалар санының динамикасында рөл атқарады. Жыртқыштар жемтіктерін жоя отырып, олардың санына әсер етеді. Паразиттердің де осындай, иесін әлсірете отырып, олардың көбеюін тежейді, тіпті өліміне де әкеліп соқтыруы мүмкін.
Бәсекелестік қатынастарда, жыртқыштық пен паразитизм құбылыстарына ертеден экологтар назар аударып келген. Солардың ішінен А. Лотканың ( 1923, 1925 ж.ж.) жұмыстары ерекше орын алады. Ол алғаш рет жануарлардың паразит - иесі жүйесіндегі өзара қатынастардың математикалық үлгісін (модель) ұсынады.
А. Лотканың жасаған тұжырымы: паразиттердің өздерінің иелерін жоюы тек паразиттердің санына емес, иесінің санына да тәуелді болады. Иесінің белгілі бір санына сәйкес келеді және иесінің популяциясының тығыздығының артуына байланысты паразит популяциясының тығыздығы артады. Паразит санының артуы иесінің санының кемуіне әкеледі де, соңғысы қайтадан паразиттер санының кемуіне әкеледі. Осылайша толқынды түрде иесі мен паразиттің популяцияларының саны периодты түрде ауытқып отырады.
Мұнда динамикалық өзін - өзі реттеуші жүйе жұмыс істейді. Паразитті санының арту толқынынан соң, иесінің санының арту толқыны кезектесіп келіп отырады. Паразит - иесі жүйесінжегі популяциялардың өзара әсеріне толық сәйкес келеді.
Өзінің зерттеулері негізінде В. Вольтерр үш заңды тұжырымдайды:
1) периодтық цикл заңы. Екі түрдің санының ауытқулары периодты болады. Жыртқыш пен жемтігінің популяцияларының өсу коэффициенті мен бастапқы салыстырмалы санына байланысты болады;
2) орташа шамалардың сақталу заңы. Екі түрдің популяцияларының орташа саны бастапқы санына тәуелсіз, популяцияның үлкеюі мен кішіреюі, жыртқыштардың көбею интенсивтілігі тұрақты болғанда, тұрақты болып қалады;
3) орташа шамалардың бұзылу заңы. Егер екі түрдің даралары олардың популяцияларының тығыздығына пропорционалды түрде жойылса, онда жемтігінің популяциясының орташа саны артады, ал жыртқыш популяциясында кемиді.

 

Просмотров: 264

Вернуться в категорию: Вредители

© 2013-2017 cozyhomestead.ru - При использовании материала "Удобная усадьба", должна быть "живая" ссылка на cozyhomestead.ru.