рус | укр

Главная

Контакты

Навигация:
Арсенал
Болезни
Витамины
Вода
Вредители
Декор
Другое
Животные
Защита
Комнатные растения
Кулинария
Мода
Народная медицина
Огород
Полесадник
Почва
Растения
Садоводство
Строительство
Теплицы
Термины
Участок
Фото и дизайн
Хранение урожая









Билет№24

1.Осы заманғы алғашқы адамдар. 2.Ағзалардың көбею түрлері 3.Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің типтері(комплементарлық,эпистаз,полимерия)

1.Осы заманғы алғашқы адамдар.Оларды ғылым тілінде қазба түрдегі неоантроптар немесе көпшілікке арналған әдебиеттерде кроманьон адамдары деп те атайды.Өйткені бұл кезеннің адамдарының қанқа қалдықтары алғаш рет 1868жылы Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған.Кроманьон адамдары бұдан 50-30мың жыл бұрын өмір сүрген.Неоантроптардың бойының ұзындығы 170-180см,30-40мың жыл өмір сүрген.Бас сүйегіндегі ми сауытының көлемі шамамен 1400-1600см3.Алдыңғы ми сыңарларының самай және маңдай бөлімдері өте жақсы дамыған.Маңдай сүйегі алға шығынқы келген,көз шарасы үлкен,сүйектері қалың,иегі айқын білінеді.Бас сүйегі онша биік емес.Неоантроптар өздеріне бспана салып,сонда тұрған.Етті тағамдарды көбірек пайдаланған.Аң аулау үшін тастан,сүйекттен әртүрлі құралдар жасаған.Өздері тұратын үңгірлердің қабырғасына түрлі түсті бояулармен,кейде тастармен қашапта суреттер салған.

2.Ағзалардың көбеюі.Көбею тірі ағзалардың өзінен кейңн өзіне ұқсас ұрпақ қалдыру қабілеті.Көбею тірі ағзаларға тән қасиеттердің біреуі және осы процестің арқасында жер бетінде тіршілік үздіксіз жалғасып отырады.Табиғатта көбеюдің екі түрі кездеседі-жыныссыз және жыныстық.

Жыныссыз көбею.

Организмнің көбеюі дегеніміз-жеке санының артуы,өзінен кейін ұрпақ қалдырып,түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті болып саналады.Жыныс жасушаларының қатысуынсыз жүреді,ұрпақтың ата тегімен генетикалық ақпарат,морфологиялық,анатомиялық және физиологиялық жағынан бірдей болуымен сипатталады,оның негізінде митоз процесі жатыр.

Жыныссыз көбеюдің бірнеше түрі бар:

1.Қарапайым бөліну.Митоз арқылы бөлінудің нәтижесінде ата тегімен бірдей ұрпақ пайда болады.Бұл қарапайымдылырға тән жыныссыз бөлінудің ең қарапайым түрі.

2.Спора түзілу.Көптеген өсімдіктер,саңырауқұлақтылар және кейбір қарапайымдылардың тіршіліктерінің белгілі бір сатысында спора түзіледі.Тығыз қабықшамен қапталған,жасушаларды қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларында қорғайтын жасушалар споралар деп аталады.Қолайлы жағдайларда туғанда споралар дамып митоз арқылы бөлінеді.

3.Вегативті көбею.

Көптеген өсімдіктерге тән жыныссыз көбеюдің түрі.Мұндай көбею кезінде организмнің бір топ жасушалары бөлініп жаңа организм түзеді,яғни генетикалық материалдары бірдей организмдер түзіледі.Тірі ағзалардың түріне байланысты вегативті көбеюге арналған әр түрлі мүшелер мен өсінділер пайда болуы мүмкін.

4.Бүршіктену.Кейбір саңырауқұлақтар мен жануарларға тән.Олардың денелерінде бүршік өсіп шығады,сосын ол бөлініп жаңа организмге бастама береді.

Жыныстық көбею. Жыныстық көбею кезінде ұрпақтың пайда болуына екі ата аналық даралар қатысады.Олар арнайы жыныстық жасушалар гаметалар түзеді.Осы жасушалардың қосылуы нәтижесінде жаңа организмнің бастамасы зигота пайда болады.Зиготада ата анасының екеуініңде белгілері болады.Яғни жыныстық көбеюдің маңызы ұрпақтан ұрпаққа генетикалық ақпараттың әрдайым өзгере беріліп отыруы және даралардың бір біріне ұқсамауы болып табылады.

3.Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің типтері(комплементарлық,эпистаз,полимерия)

Комплементарлық дегеніміз аллельді емес доминантты гендердің өзара әрекеттесуінің нәтижесінде жаңа белгінің қалыптасуына әкеледі.

Эпистаз кезінде бір ген басққа аллельді емес геннің белгісін жойып жібереді.Басымдылық көрсететін ген супрессор деп аталады.Ол доминантты да,рецессивті де болуы мүмкін.

Полимерия жағдайында бірнеше аллельді емес доминантты гендер бір белгінің қалыптасуына ұқсас әсер етеді.Мұндай гендердің саны генотипте неғұрлым көп болса белгі де соғұрлым қанық болады.Полимерия тері түсі,дене салмағы сияқты сандық белгілерде кездеседі.

 

Просмотров: 391

Вернуться в категорию: Вредители

© 2013-2017 cozyhomestead.ru - При использовании материала "Удобная усадьба", должна быть "живая" ссылка на cozyhomestead.ru.