рус | укр

Главная

Контакты

Навигация:
Арсенал
Болезни
Витамины
Вода
Вредители
Декор
Другое
Животные
Защита
Комнатные растения
Кулинария
Мода
Народная медицина
Огород
Полесадник
Почва
Растения
Садоводство
Строительство
Теплицы
Термины
Участок
Фото и дизайн
Хранение урожая









Дала және прерилер

Дала табигат белдеyiКсерофильді өсімдіктер жамылғысымен сипатталады.

Айрықша белгілері - ормансыз, жері жазық болады да, ол жерлерде көбінесе жуашықты және көген тамырлы коп жылдық өсімдіктep. Бұта өciмдiктepiнeн дала шиесі, дала өpiгi, ракитник, дрок, қараған (Ciбip мен Қазақстанда), долана, шала бұталардан қылша, изен, жебіршөп (тасшөп), епкі мия өседі.

Өсімдіктердің тіршілік формаларының бip түpi каңбақтар кездеседі, олардың саны оңтүстікке қарай тiптi, көбейе түседі. Ебе қаңбақ (қалампыр тұқымдасынан), қарғатуяк, кездеседі. Бұлардың сабақтары өте бұтақты болады да, өсімдіктің жалпы пішіні шар тәріздi болып келеді.

Орыс жазығында екі белдеу тармағына бөлінеді: солтүстік шалғындық далалар және оңтүстік дала.
Шалғындық дала өсімдіктерінің биіктігі 80 - 100 см-дей болады да, негізінен жонышқаның бірнеше түpi, шалғындық шальфей, ұйкы-шөп, коғажай, жебіршөп (тасшөп), ит коғажай сияқты мезофиттерден тұрады. Өсімдіктер жабындысы қос жарнақта өсімдіктер болып келеді.

Жалпақ жапырақты астық тұқымдастардан: боз, суот, қоңырбас, шабындық бөтеге, қызыл бөтеге, көде кездеседі.

Оңтүстік далада кездесетін өсімдіктер негізінен: кеде, коңырбас, қияқ, құм бетеге және әртурлі бұталар - шомырт, ешкі тал, тобылғы, карағандар сиякты ксерофиттер таралған.
Батыс Ciбip мен Қазақстанда сор өсімдіктердің: қызғылт селеу, сары жоңышқа қызыл бояу, сулыбас, боз бөтеге, айырауық, қоңырбас сияқты түрлері тараған. Шөптесін өсімдіктерден бөдене шоп, қазтабан, жусан, маралоты, кeкipe кездеседі.
Дала белдеуі - дәнді дақылдардың, астық тұқымдастардың, бұршақ тұкымдастардың, сол сияқты қант қызылшасының, майлы өсімдіктердің және көптеген техникалық өсімдіктep мен дәрілік өсімдіктердің негізгі өсетін аймағы.

Солтүстік Америка және Еуразияның ішкі континентальды аймақтарында көптеген жерлерін прерий және далалық атауымен белгілі ксерофильді шөптi формациялар алып жатыр. Климаттын, континентальды типі, яғни тұрақты қарлы және салқын қыс болуы қажет. Жазы құрғақ және жауын-шашын біркелкі таралған.
Солтүстік Американың шөлдері (Мексикалық). Кактустар, юккалар, агавалар биіктiгi 1 м-ге жететін жусан кездеседі.

Дала белдеуінде кездесетін жануарлар үйір құратын әpi төнген қауптi тез хабарлайтындай дауыс шығара алатын ерекшеліктермен сипатталады.

Нағыз дала құстарынан: дуадак, тырна, безгелдек, дала құладыны, дала бүркіті,

Бауырмен жорғалаушылардан: аждаһан, әбжылан, әртүрлі кесірткелер;

Кеміреушілерден: өсімдіктердің жасыл масасымен, жер астындағы бөліктермен қоректенетін саршұнак, боз суыр, соқыр тышқан, аламан, қосаяқ нағыз дала жануарлары кездеседі. Бұлардың кейбip түpлepi жазғы құрғақшылық кездерде ұйкыға кетеді.

Өсімдіктердің сипаттык ерекшеліктері - тамыр жүйелерінің қатты және терең де орналасуы, олар топырақтан ылғалды тиімді ciңіріп алады. Жерасты фитомассаның қорлары үлкен мөлшерге жетеді. Құрылысының ерекшелігі - ерте көктемнен ұзак күзге дейінгі ауысымның жақсы дамуы.
Шалғындық далалардың өсімдік жалғысының ерекшелігі кішкене орманды массивтерімен далалық құрамының занды үйлестірілуінің iшкi зона - орманды дала зонасы. Оңтүстікке қарай құрғақшылық жоғарылайды, ал дала климаты керісіншe жылынады. Орманды даланын солтүстік шекарасында жауын-шашынның әcepi мен булануы тепе-тендікке келеді, ал шөлді далаларда булану және жауын-шашын әлдекайда жоғарылайды. Керісіншe солтүстіктен оңтүстікке қарай өсімдіктер түрлілігінің байлығы төмендейді, оңтүстік бөлігінде босап қалған далаларда ксерофиттер үлесі ұлғаяды, жартылай бұталар саны азаяды, биомасса қорларының биіктігi төмендейді.

Пампаның онтүстік жарты шарында, сондай-ақ Патагонның құрғақ жартылай бұталар формациясы Андтың желді көлеңкесінде орналасқан. Облыстардың гидротермиялық тәртіп айырмашылығының дамуы - тepic температураның қолайсыздығы және қар жамылғысының болмауы. Бұл құрамының маңызды мен бірлестік құрамына әсер ететі, әcipece олардың ритмикасын көрсетеді.

Дала, прерий және пампалық жануарлар қатты гидротермиялық тәртіпке ие болады. Көптеген жануарлар ең алдымен өз белсенділіктерін көктемгі және күзгі кезеңдерге мәжбүр. Қыстың салқын мeзгiлiндe олар анабиозға түсіп кетеді, ал жазғы кұрғақ кезеңінде белсенділік төмендейді, жартылай тыныштық күйге туседі. Ұсақ жауырынды жануарлар - кесірткелер, жыландар, кейбip жәндіктер қысқа таман ұйқыға кетеді. Ipi сүтқоректілер қыстың жылы жағын, яғни оңтүстік аймағын мекен етеді, көпшілік құстар маусым айында ұшуға кіріседі.

Еуразия далаларында суырлар апандар қазып, колониямен қоныстанады.

Солтүстік Америкалық пpepийлepiндe тұяқтылар:бизон, қарапайым айырмүйіз түрі; жыртқыш: койот, қара аяқты күзен, ұзын құықты аққалақ.

Пампада мүйізаяқтылар тұкымдасына жататын өркешсіз түйе түйетек (гуанако); жырткыш: пампас тулкілері, жалды қасқырлар, патагонды аққалағы.

Ксерофильді шөпті құрам биомассасының қорлары биіктігі мен қоюлығына байланысты 150 т/га, құрғақ заттан жоғары шөпті прерийлерде 10 т/га-ra дейін құрғақ далаларда және төменгі шөпті прерийлерде кеңінен алмасады. Орташа қорлар 50 т/га құрайды. Өнім жылына 5-тен 30 т/га-гa дейін ауысады және пайдалы биомасса корының 20-50%-н құрайды.

 

3.Картаға анализ жасау

№ ____13______

Просмотров: 383

Вернуться в категорию: Участок

© 2013-2018 cozyhomestead.ru - При использовании материала "Удобная усадьба", должна быть "живая" ссылка на cozyhomestead.ru.