рус | укр

Главная

Контакты

Навигация:
Арсенал
Болезни
Витамины
Вода
Вредители
Декор
Другое
Животные
Защита
Комнатные растения
Кулинария
Мода
Народная медицина
Огород
Полесадник
Почва
Растения
Садоводство
Строительство
Теплицы
Термины
Участок
Фото и дизайн
Хранение урожая









Камин. Радиатор. Электр конвектор

Сумен және бумен жылыту жүйелерінің негізгі элементтерінің бірі – жылыту аспаптары. Жылыту аспаптарына жылутехникалық талап қойылады: аспап қабырғасының бірлік ауданы арқылы бөлмеге жылу тасымалдағыштан неғұрлым көп мөлшерде жылу ағынын алып беруі қажет. Сонымен қатар, аспаптар механикалық төзімді, тасымалдауға ыңғайлы, су және бу өтпейтін болуы керек. Бөлмелерге қойылатын аспаптарға түрлі талаптар қойылады.

Жылыту аспаптарының әр түрлері болады: радиаторлар, электор конвекторы, панельдер, қырлы құбырлар, тегіс құбырлы аспаптар, калориферлер.

Радиаторлар – кең қолданылатын жылыту аспаптары болып табылады. Олар шойыннан, алюминийден бөлек секциялар ретінде дайындалады. Радиатордың әр секциясы бір-біріне ниппель арқылы қосылады, бөлмеге орналастыратын жылыту аспабының жылулық ауданына байланысты.

Конвекторлар – қырланған құбырдан және қаптамадан тұратын конвективті (75% артық жылу конвекциямен беріледі) аспаптар.

Жылыту аспабының түрі ғимарат пен бөлмелерге қарай таңдалады. Жылыту жүйелерінің жылыту аспаптары сыртқы қабырға тұсына, көбінесе терезе астына орнатылады, себебі, терезеден келетін суық ауа ағындарына тосқауыл болады.

Электр конвекторы – жылу изоляциясы бар ғимараттарда ауаны табиғи конвекция жолымен жылытуға арналған қыздырғыш электр құралы. Оны қалалардағы пәтерде, жылытылған саяжайда не ауылдық үйлерде қолданады. Ол ішінде қыздырғыш элемент – электрлік кедергісі жоғары спираль сым орнатылған, ауа соратын әрі шығаратын саңылауы бар жалпақ металл қорапша түрінде болады. Спираль сым – изоляторға бекітілген ашық немесе электр изоляциялық толтырғышы бар болат құбырға престелген, жабық. Электр конвекторын электр желісіне қосқанда спираль қызып айналасындағы ауаны жылытады, жылынған ауа конвектордың жоғарғы саңылауынан сыртқа шығады. Оның орнына конвектордың төменгі бөлігінен салқын ауа келіп тұрады. Конвектордың қорабы қыздырғыш элементтің қызуын қоршаған ортаға таратады да, жылу берудің конвективтік мөлшерін көбейтеді, әрі ауа ағынын молайтады.

Сөздік:

жылыту жүйесі – система отопления жылытқыш – конвектор

бумен жылыту – паровое отопление жылуескіш – калорифер

сумен жылыту – водяное отопление терезе асты – подоконный

терезе жақтауы – оконный переплет қаптама – кожух; обделка

жылу тасымалдағыш – теплоноситель артық жылу – избыточное тепло

сыртқы қабырға – наружная стена жылулық ағын – тепловой поток

ауа ағындары – воздушный поток қырлы құбыр – ребристый труба

ауамен жылыту – воздушное отопление

142-тапсырма. Берілген сөздер және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Радиатор, қырлы құбырлар, электр конвекторы, төзімді, сыртқы қабырға, ауа, терезе асты, жылыту аспаптары, қоршаған орта, ауданы, сумен жылыту.

143-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай іріктеп, сәйкестендіріңіздер.

1. бумен а) аспаптары

2. механикалық ә) өтпейтін

3. жылу б) құбырлар

4. сыртқы в) тасымалдағыш

5. су г) ағыны

6. жылыту ғ) талап

7. жылутехникалық д) ауа

8. қырлы е) конвекторы

9. электр ж) қабырға

10. салқын з) төзімді

144-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Жылыту аспаптарына қандай жылутеникалық талаптар қойылады? 2. Аспаптар қандай болу керек? 3. Жылыту аспатарына нелер жатады? 4. Радиаторлар дегеніміз не? 5. Конвекторлар қандай аспаптар? 6. Жылыту аспаптарын көбінесе бөлменің қай жерлеріне орналастырады? 7. Электр конвекторы қандай құрал? 8. Электр конвекторларын қандай жерлерде қолданады? 9. Спираль сым деген не?

145-тапсырма. Төмендегі терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Электр жылыту (электроотопление) – жылыту үшін электр қыздырмалы құралдарды қолдану.

Инженерлік жүйелердің жер асты құрылыстары (подземные сооружения инженерных систем) – жылулық қораптар, өтпелі және жартылай өтпелі арналар, коллекторлар мен құдықтар.

Ауа құбыры (воздуховод) – ауа алмастыру, ауамен жылыту, ауаны шартқа сәйкестендіру жүйелерінде қолданылатын ауаны ауыстыруға, сондай-ақ технологиялық мақсатпен ауаны тасымалдауға арналған құбыр.

Тік құбыр (стояк) – су (газ) үлестіру аспаптарына және өрт сөндіру шүмектеріне тармақтар арқылы су (не газ) беру немесе санитарлық аспаптардан алып кетуші құбырлар арқылы келетін сарқынды суларды әкету үшін, барлық қабаттар арқылы өтетін тұрғын және өндірістік үймереттің ішіндегі тік құбыр.

Сусіңгіштік (водопроницаемость) – материалдың қысым әсерімен суды өткізу қасиеті.

146-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, не туралы ақпарат берілгенін мазмұндап айтып беріңіздер.

· КЕРЕК ДЕРЕК!

«Астана-Теплотранзит АҚ»

Жарты ғасырға жуық тарихы бар «Астана-Теплотранзит» АҚ еліміздің бас қаласын жылумен қамтамасыз етіп отыр. Астаналық энергокешеннің жылу тарататын желілері 520,6 шақырымды құрайды. 1999 жылы 274,6 шақырым жылу магистралінің құрылысы салынды және қайта құрылды.

2009 жылы акционерлік қоғам қаланың жылу жүйесіне 29 550 қума метр жаңа жылу торабын қосты. Жаңадан қосылған жылу торабының 20,5 шақырымы бұрынғы орталықта, 4 шақырымы Есілдің сол жағалауында орналасқан. Осындай ұзындыққа тарайтын жылу желілеріне 10 насостық станса қызмет көрсетеді. 2005 жылы Астанада елбасының қолдауымен елімізде тұңғыш рет ППУ жылу тораптарын шығаратын зауыт іске қосылды. Бұл зауыт шығаратын отандық өнім еуропалық стандарттарға жауап беретін, бәсекелестікке төтеп беретін құбырлар болып табылады. Қазіргі уақытта «Астана-Теплотранзит» АҚ – бұл дамыған, жоғары білікті мамандары және қажетті материалдық базасы бар кәсіпорын. 2006 жылы Швецарияда өткен халықаралық жобада «Тиімді дамушы кәсіпорын» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді.

(«Егемен Қазақстан» 22 желтоқсан 2011 жыл)

147-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс:Бөлмелерді жылыту амалдарына көңіл аудару. Тұрғын үйлерге жылыту аспаптарын орналастыру жұмыстарымен танысу.

Әдебиеттер: Нег.: 12 [21-26]; Қос.: 23 [13-15]

Бақылау сұрақтары:

1. Жылыту аспатарына нелер жатады?

2. Радиаторлар дегеніміз не?

3. Электр конвекторлар қандай қызмет атқарады?

7-апта. 19-тәжірибелік сабақ

148-тапсырма.Мәтінмен танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Ғимараттардың қосалқы жұмыстары

* * * * *

Е д е н т ө с е у ж ұ м ы с т а р ы

Еден – жер немесе жамылғылар үстіне орнатылатын құрама конструкция. Еденнің үстіңгі элементін жабу «нағыз» еден деп атайды. Еденнің жабу түрі оның атымен анықталады: паркет, тақта, мозаикалық және т.с. Еденнің жабуы мен еден орналасқан үймереттің жүк көтеретін элементінің аралығында әрқайсысының нақты функционалдық міндеті бар аралық қабаттар болады: қабатша, тұтастырғыш (жиыстырма), су айыру, жылылықты өткізбеу, дыбыс өткізбеу, төсеніш қабаты.

Қабатша – еден жабуы мен астыңғы түзілістің өзара қатыстығын қамтамасыз ететін қабат. Жабу түріне байланысты қабатша қалыңдығы не 0,6-1 мм арнайы жабысқақ мастикалардан, не 10-15 мм ерітіндіден жасалады.

Тұтастырғыш – тығыз қыртыс жасауға, еденге еңіс беруге, линолеум, синтез тақтайшалар және т.б. жұқа қабатты жабуларға негіздер жасау үшін қызмет атқаратын қабат.

Су айыру – еденнің аралық қабаттарын судан қорғайтын қабат.

Жылылықты өткізбеу – еденнің жалпы жылу өткізгіштігін азайтатын қабат.

Дыбыс өткізбеу – көршілес бөлмелерде шу дыбысының қысым деңгейін төмендететін қабаты.

Құмнан және қиыршық тастан жасалған қатты емес төсеніш қабаты 100 және 200 мм қалыңдыққа дейін тығыздалып төселеді. Бетоннан жасалған қатты төсеніш қабат ең аз қалыңдықпен (80-100 мм) төселеді.

Жабулар келесі топтарға бөлінеді: тұтас құймалы, ағаштан жасалғандар, синтездік оралмалы материалдардан, дара тақта элементтерден жасалғандар.

Тұтас құймалы жабулар бетон, мозаикалық (терацалы) цемент-құмды, полимер, полимер-бетон, полимер-цемент, кселолит қоспарынан орындалуы мүмкін.

Бетон жабулары құрама тақталар, су айыру, тұтастырғыштан тұратын және цеменпен грунтталған негізге төселеді. Бетон жабуларын жасау технологиясы төсеніш қабатын орындау технологиясынан әрлеу және бет қабатын нығайту бойынша қосымша операция жиынтығымен ерекшеленеді.

Еден ғимараттың маңызды құрылымдық эементі болып табылады. Едендерге эстетикалық талаптармен қатар беріктік талаптары қойылады: олар механикалық ықпалға (үйкелуге, соғылуға, тесілуге, т.б.) жақсы кедергі көрсетуі керек, тегіс болуы, сырғанақ емес, жүргенде дыбыс шығармайтын және пайдалануда ыңғайлы болуы керек.

Сөздік:

еденнің жабыны – покрятие пола еден – пол

мозаикалық тақта – мозаичная плита тақта – плита

төсеніш қабаты – подстилающий слой қабатша – прослойка

тығыз қыртыс – плотный обзол тұтастырғыш – стяжка

жабысқақ мастика – липкая мастика еңіс – уклон

жамылғы – накрывка тақтайша – паркет

тұтас құймалы – монолитная беріктік – прочность

үйкеліс қадасы – свая трения қиыршық тас – щебень

серпімділік – упругость тегіс – ровный

сырғанақ емес – некатучая шу, дыбыс – звук

беттік қабат – лицевой слой беттік сіңіру – адсорбция

нығыздау, таптау – тромбовка

құрама конструкция – сборная консрукция

нығыздалған негіз – уплотненная основание

дыбыс шығармайтын – звукопоглощающая

 

149-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1. Еден дегеніміз ------------------------------------------------------------------

2. Қабатша дегеніміз -------------------------------------------------------------

3. Жылылықты өткізбеу ---------------------------------------------------------

4. Дыбыс өткізбеу -----------------------------------------------------------------

150-тапсырма. Терминологиялық сөздікті пайдаланып, кестедегі термин сөздердің қазақша-орысша аудармаларын сәйкестендіріңіздер.

Қазақ тіліндегі атаулары Орыс тіліндегі аудармасы
1. едендік тақтай 2. едендік тақтайша 3. еден төсемі 4. еденаралық 5. еденнің жабыны 6. беттік еден жабыны 7. бетон қоспасы 8. бетондық тұтастырғыш 9. беттік сіңіру 10. еңістің орнықтылығы а) бетонная смесь ә) покрытия пола б) адсорбция в) половая доска г) лага ғ) бетонная стяжка д) устойчивость откоса е) половая плитка ж) лицевое покрытие пола з) настил пола

151-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Бетон қоспасы, дыбыс өткізбейтін, еден жабуы, қиыршық тас, құрама кострукция, төсеніш қабаты, ағаштан жасалған, мозаикалық тақта, беріктік қасиеті.

15-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Еден дегеніміз не? 2. Еденнің түрлерін атаңыздар? 3. Еден жабуы мен жүк көтеретін элементтің аралығында қандай аралық қабаттар болады? 4. Қабатша деген не? 5. Тұтастырғыш қандай қызмет атқаратын қабат? 6. Су айыру қандай қабат? 7. Еденнің жылу өткізгіштігін азайтатын қабаты қалай аталады? 8. Дыбыс өткізбеу дегеніміз не? 9. Қиыршық тастан және бетоннан жасалған төсеніш қабаттарының айырмашылығы неде? 10. Жабулар қандай топтарға бөлінеді? 11. Бетон жабуларын жасау технологиясы туралы айтып беріңіздер? 12. Едендерге қандай талаптар қойылады?

153-тапсырма. Төмендегі терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Тіреуіш (забирка) – еден астындағы кеңістікте атмосфералық әсерден қоғауы қызмет ететін тіректі іргетас арасындағы жіңішке қабырға.

Таскестелі тақтайша еденінің сыртқы жағы (лицевая сторона мозаичного паркета) – таскестелі жұқа тақтайшаның ескіру қабатының сырты.

Мозайка тегістейтін машина (мозаично-шлифовальные машины) – мозайкалы, мәрмәрді және гранитті бетінің өңдеуі мен тегістеу, ажарлау үшін қызмет етеді.

Төсем (стяжка) – шатыр, еден және айырушы жабуларын жасағанда негіз бетін тегістейтін материал қабаты.

Қалқымалы еден (пол плавающий) – көршілес бөлмелердің дыбыс айыру қасиетін көтеру мақсатында жабын мен қабырғалардан амортизациялаушы не айырушы құрылғылармен бөлінген еден.

Әдістемелік ұсыныс:Ғимараттардағы еден төсеуге арналған материалдарды атау, олардың қызметін анықтау.

Әдебиет: Нег.: 1 [48-51]

Бақылау сұрақтары:

1. Еденнің түрлерін атаңыздар?

2. Еден жабуы мен жүк көтеретін элементтің аралығында қандай

аралық қабаттар болады?

 

7-апта. 20-тәжірибелік сабақ

154-тапсырма.Мәтіндегі терезе салу жұмыстары туралы өз ойларыңызды ортаға салып, пікір алмасыңыздар.

Т е р е з е с а л у ж ұ м ы с т а р ы

 

Терезе – желдету және жарықтандыру үшін қолданылатын ғимараттың құрылымды элементтері. Терезе қуысын толтыру терезе қораптарынан, терезе түптеулерінен және терезе алды тақтайдан құралады. Терезе қораптары – терезе түптеулерін бекітетін және салатын элемент. Қорап байлаудан және импостан құралады. Терезе түптеулері жарма және фрамугтан құралады. Терезелер саны бойынша бір, екі және үш жармалы болады. Жармалары топсалар мен арнайы ілгешектер арқылы қосылады. Терезе шыныпакетпен жабдықталады. Жарма және фрамугалар ашылатын және керең болып келеді. Бөлмелерді желдету үшін ашылатын фрамугалар болмағанда, түптерде форточка орнатылады.

Терезе жақтауларын әйнектеу алдында олифа жағылып кептіріледі. Әйнек жиегі мен қию ернеуі аралығында 2 мм-ден кем емес саңылау қалдыру керек. Ағаш жақталарға әйнекті бітеуіш бойынша штапиктермен бекітеді. Металл жақтауларын әйнектеу дәл ағаш жақтауларындағыдай жасалады. Әйнекті клямер, штырлар, серіппелер немесе штапиктермен бекітеді.

Әйнек жұмыстарын орындағанда мынадай шыны түрлерін пайдаланады: терезенің табақ әйнегі (қалыңдығы 2-6 мм), жылтыратылған табақ әйнек (5-7 мм), жылтыратылған және жылтыратылмаған көрме әйнек (6,5-7 мм), әшекейлі табақ әйнек (4,5-6 мм), түрлі түсті арматураланған, күннен қорғайтын табақ, жылылықты қорғайтын, профильді әйнектер, қуыс әйнек блоктары, әйнек пакеттері, суарылған әйнек табақтары, шлакситалдар, стемалиттер және т.б.

Әйнек материалдары дара, қосарланған және қос қабат жақтауларда бекітіледі. Ойықтарды әйнектегенде сыр шеберханаларында әзірлейтін және объектіге дайын түрде жеткізілетін олифасыз бітегіштер қолданады.

Терезені жөндеуде келесідей жұмыстар: терезе жақтауларын бөлшектердің бөлігін ауыстыру арқылы қатайту; жаңа рамалар, жақтаулар, форточкалар, желдеткіш терезелер және басқа элементтерді орнату; сынған терезе шыныларын ауыстыру; жаңа терезе құралдарын қою және ескілерін жөндеу; терезе қораптарын тығыздау және ерітіндімен немесе мастикамен бітеу; ағаш және металл бөліктерін сырлау орындалады.

 

Сөздік:

терезе түптеуі – оконный переплет әйнек, шыны – стекло

әшекейлі шыны – узорчатое стекло әшекей әйнек – витраж

шыны пакеттері – стекольный пакет әйнектеу – остекление

күннен қорғайтын – солнцезащитное әйнек кесу – раскрой стекла

саңылаусыз қабырға – глухая стена жақтау – наличник; рама

жылу сақтағыш – теплозащитное серіппелер – пружины

терезе ойығы – оконный пресле кернеу – напрежение

табақты әйнек – листовая стекло саңылау – задор

терезе топсасы – оконная петля әшекей – декор

терезе қорабы – оконная коробка жарма – створок

терезелік жақтау – оконный наличник

терезе аралық кесек – простеночный блок

суарылған әйнек – поливочный; водосточный

жарық шашыратқыш шыны – светорассеивающие стекло

жылтырлатылған табақ әйнек – полированное стекло

терезе қуысын толтыру – заполнение оконного проема

байлаудан және импостан құралады – состоит из обвязки и импоста

155-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Ғимараттарға .......желдету және жарықтандыру үшін орнатылады. Әйнек материалдары ....... , қосарланған және қос қабат ........ бекітіледі. ........жақтауларын әйнектеу алдында .... жағылып кептіріледі. Әйнек ... мен қию ернеуі аралығында 2 мм-ден кем емес .......қалдыру керек. Ағаш жақталарға әйнекті бітеуіш бойынша ........ бекітеді. Металл жақтауларын ........ дәл ағаш жақтауларындағыдай жасалады. Әйнекті клямер, штырлар, ........ немесе штапиктермен ........ .

Тірек сөздері: әйнектеу, серіппелер, саңылау, терезелер, жақтауларда, жиегі, дара, олифа, штапиктермен, бекітеді, терезе.

156-тапсырма. Мәтіннен «әйнек» және «терезе» сөздерімен тіркес жасап тұрған сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.

       
   
 


 

           
   
     
 
 
 

 

 

 

157-тапсырма. Жаңа термин сөздермен танысып, оларды жаттап алыңыздар.

терезе сұқпатиегі – оконный шпингалет терезе топсасы – оконная петля

терезе маңдайшасы – перемычка окна терезе ойығы – оконный пресле

терезеасты кесек – подоконный блок терезе шынысы – оконное стекло

терезелік жақтау – оконный наличник терезе еңісі – оконный откос

терезе аралық кесек – простеночный блок

терезе толтырмасы – оконное заполнение

терезе түптеуі – оконный переплет

терезеалды тақтайы – подоконная доска

158-тапсырма. Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Терезе салу жұмыстары, желдету және жарықтандыру үшін, жылтыратылған табақ әйнек, сыр шеберханаларында әзірлейтін, дайын түрде, мастикамен бітеу, металл бөліктерін сырлау, терезенің табақ әйнегі.

159-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Ғимараттарға терезелер не үшін салынады? 2. Терезе бөлшектері қандай элементтерден құралады? 3. Терезе қораптары дегеніміз қандай элемент? 4. Терезе жақтауларын әйнектеу алдында не істейді? 5. Әйнекті нелермен бекітеді? 6. Қандай шыны түрлері бар? 7. Әйнек материалдары қандай жақтауларда бекітіледі? 8. Ойықтарды әйнектегенде қандай бітегіштер қолданылады? 9. Терезе бөлшектерін атаңыздар? 10. Терезені жөндеуде қандай жұмыстар орындалады?

160-тапсырма. Мәтінмен танысып, сұрақтар әзірлеңіздер.

· БІЛГЕНІҢІЗ ЖӨН!

Пластмассалық жақтаулары бар терезелер техникалық және пайдалану сапаларымен ағаштан неғұрлым жақсы (аз қима, металға жақын, бояуларды талап етпейді, шірімейді, қисаймайды және кеппейді). Қораптар, оның доға тіреулері және жармалары шыны пластиктан дайындалады. Жармалар және доғатіреулер қалыңдығы 2–3 мм қабырғалары бар қуыс пішінді болады. Жармалар да шыны пластиктан жасалған топсаларға ілінеді. Терезе шыны пакетпен шыныланған. Жақтаулардың жылу техникалық сапаларын көтеру үшін, оның қуыс бөліктері пластмассалық жылытқыштармен толтырылуы мүмкін.

Терезелердің «Евростандарт» типті терезе, жұптасқан жармалары бар терезе блогы, бөлек жармалары бар терезе блогы, сияқты т.б. түрлері болады.

161-тапсырма. Төменде берілген терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Глазурь –бұйымға жағылған және күйдіру арқылы бекітілген қалыңдығы 0,1 – 0,2 мм шыны типтес жабын.

Сұйық шыны (жидкое стекло) – силикат натрийдің коллоидті сулы ерітіндісі.

Терезе алды тақтайлар (подоконные доски) – бөлме жағынан терезе өткелінің төменгі жағында орналасады. Терезе алды тақтайлары бөлме үйіне 1% көлбеулікпен орнатылады.

Құрылыс шыны (стекло строительное) – терезелі, көрмелік, профилді, қапталған, витраждар, көбік шыны, әрлеу, мүсінді, сонымен қатар шыныпакет, шыныблок, сәулет бөлшектері, мозайка, құрылыс бөлшектері, сәулет-әрлеу шыныпластик шынылары кіреді.

Әдістемелік ұсыныс:Бүгінгі таңда салынып жатқан пластикалық терезелердің ағаш терезелерден ерекшеліктерін сипаттау. Терезені әйнектеу жұмысы мен әйнек түрлеріне тоқталу.

Әдебиет: Нег.: 7 [32-38]

Бақылау сұрақтары:

1. Терезе бөлшектері қандай элементтерден құралады?

2. Терезе жақтауларын әйнектеу алдында не істейді?

3. Қандай шыны түрлері бар?

 

7-апта. 21-тәжірибелік сабақ

162-тапсырма.Мәтіннің мазмұнына сұрақ-жауап дайындап, оны рөлге бөліп оқыңыздар.

Е с і к о р н а т у ж ұ м ы с т а р ы

Есік және терезе блоктары нысандарға дайын күйінде, боялған және шыныланған, бүтін немесе жарма тоспаларымен келіп түседі.

Есіктерді пайдаланудың және жөндеудің басқа құралымдарға қарағандағы ерекшелігі – олар қозғалмалы күйде болады. Бұл ойықтардың герметезиясына әсер етеді, ескі қорабымен біріктіріліп қосылған жерлерді, түйістерді босатады. Есікті үнемі ашып-жабу қабырғамен түйіскен жерлерін босатады.

Сонымен қоса, әр түрлі себептерден есіктердің жарылуы, майысуы, шіруден бұзылуы мүмкін.

Есіктерді жөндеуге мыналар жатады: есіктердің майысуын түзету, металл бұрыштарды және жұқа тақтайларды қағу арқылы қатайту; жылуоқшаулағыш қою; шұңқырларды, сынықтарды, басқа да ақауларды кетіріп отыру; кіретін есіктердің тақталарын беттік темірмен қаптау; тақталарды және қораптарды ауыстыру, герметизациялау (резеңкелік төсем және т.б.) кіреді.

Қалқанды есіктер – тұрғын және қоғам үйлері үшін жасалынады. Бұлар брустармен тұтас немесе майда қуыстықпен толтырылған, екі жағынан да шпонмен немесе қатты ағаш талшықты плиталармен, не фанермен қапталынған рамадан тұрады. Тұтас толтырылған есіктер ағаш брускаларынан жасалынады, ал ұя тәрізді майда қуысты есіктер фанералардың, ағаш талшықты плиталардың тіліктерін немесе қағаз негізіндегі полимерлік соталарын қолдана жасайды. Сондай-ақ, есіктерді ағаш жоңқалы плиталардан да жасайды. Есік тоспалары майлы бояумен, эмальмен сырланады, жұқа қабықпен (шпонмен) немесе текстуралық қағазбен қаптап құнды ағаштар құбылысын бейнелейді (имитациялайды).

Сөздік:

қуыстық – пустотность білеу, сырғауыл – брус

қуыс – ниша; пора дефект қабықша – оболочка

отқа төзімді – огнеупорное жақтау, рама – рама

есік рамасы – рама дверная жиек, ернеу – кромка

жұқа қабық – тонкая скорлупа ойық – паз; пресле

ағаш білеу – деревьянный брус нысан – визир

майлы бояу – масленная краска түйіс – стык

ішкі әрлеу – внутренная отделка есік – дверь

екі аралық рама – рама двухпролетная

текстуралық қағаз – текстурированная бумага

ағаш талшықты тақта – древесно-волокнистая плита

163-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, қай септікте тұрғанын анықтаңыздар.

164-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Есік тоспасы, ағаш талшықты плиталар, майлы бояу, жөндеу жұмыстары, тұрғын үй, жұқа тақтай, темірмен қаптау, ішкі әрлеу, ақауды кетіру.

165-тапсырма. Терминологиялық сөздікті пайдаланып, кестедегі мәтіннің негізінде берілген термин сөздердің қазақша-орысша аудармаларын сәйкестендіріңіздер.

Қазақ тіліндегі атаулары Орыс тіліндегі аудармасы
1. есік құралдары 2. есік жаппасы 3. есік блогы 4. есік маңдайшасы 5. есік ойығы 6. есік рамасы 7. есік сұқпатиегі 8. есік жақтауы а) дверной наличник ә) дверной шпингалет б) дверной пресле в) дверные приборы г) дверной блог ғ) перемычки двери д) дверная рама е) дверное полотно

166-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына құрастырылған сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.

Сұрақ-жауап

– Есік және терезе блоктары нысандарға қандай күйде келіп түседі?

– Дайын күйінде, боялған, шыныланған, бүтін немесе жарма тоспаларымен

келіп түседі.

– Есіктерді пайдаланудың басқа құрылымдарға қарағанда ерекшелігі неде?

– Қозғалмалы күйде болады.

– Есіктерді жөндеуге қандай жұмыстар жатады?

– Есіктердің майысуын түзету, металл бұрыштарды және жұқа тақтайларды

қағу арқылы қатайту; жылу оқшаулағыш қою; шұңқырларды, сынықтарды,

басқа да ақауларды кетіріп отыру.

– Қалқанды есіктердің құрамы нелерден тұрады?

– Брустармен немесе майда қуыстықпен толтырылған, екі жағынан да шпонмен

немесе қатты ағаш талшықты плиталармен, не фанермен қапталынған

рамадан тұрады.

 

167-тапсырма. Төменде берілген терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Білеушелер (брусья) –ені мен қалыңдығы 100 мм асатын материал. Өңделуіне байланысты білеушелер төрт қанатты және екі қанатты болады.

Беларқа (ригель) – тақта, жүгіртпе, аралық, қабырға және т.б. үшін тірек болып ғимараттың қаңқасындағы көлденең элемент.

Қабық (оболочка) – құрылымның басқа өлшемдерімен салыстырғанда өзара аралығы (қабықтың қалыңдығы) аз екі қисық сызықты бетпен шектелген кеңістіктік құрылым.

Ағаш талшықты тақта (АТТ) (древесноволокнистая плита (ДВП)) – ұсақтануымен, тақтаның қалыптасуымен, суға төзімді эмульсиясымен жұтылған, ағаш талшығы талшықты массаның арнайы өңдеуімен және олардың жылу өңдеуімен бет түріндегі ірі өлшемді бұйым.

 

Әдістемелік ұсыныс:Есік орнату жұмыстары бойынша қосымша мәлімет беру, конспект дайындау.

Әдебиет: Нег.: 7 [32-38]

Бақылау сұрақтары:

1. Есік тоспалары немен сырланады?

2. Қалқанды есіктердің құрамы нелерден тұрады?

3. Есіктің қандай түрлерін білесіздер?

8-апта. 22-тәжірибелік сабақ

168-тапсырма.Мәтінмен мұқият танысып, сылақ жұмыстары және олардың атауларын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

 

Ә р л е у ж ұ м ы с т а р ы

Ғимараттар мен үймереттерді жөндеудің соңғы кезеңіне ішкі әрлеу жұмыстары жатады. Олардың міндеті салынып біткен ғимараттарға әдемі аяқталған түр беру. Әрлеу жабулары түзілістерді дымқылдану, коррозия, механикалық бүлдіру әсерлерінен қорғайды. Бөлмелердің акустикалық қасиеттерін, олардың инсоляциясын, ауа алмасуын беруі мүмкін. Әрлеу жұмыстары технологиялық белгілері бойынша сылақ, қаптау, майлау, түсқағаз, әйнек және еден жұмыстарына бөлінеді.

Қаптау және сылақ жұмыстарын тек, терезе мен есік блоктары орнатылып, таза еденнің астындағы негіз орнатылған соң, су және жылу, ішкі санитарлық-техникалық жүйенің тексерісі орындалып және салуы біткен соң, жабық электржелілеріне арналған салмалы бөлшектер орнатылғаннан кейін бастайды.

Сылақ – құрылыс түзілістерін әдемілейтін, әрлеу және қорғау қабаты болып табылады.

Суыққа тез әсер ететін ішкі беттерді (терезе жақтаулары және т.б.) суық түскенге дейін сылайды.

Кәдімгі сылақ – астыңғы негіздің ақауларын жасыруға жасалады. Бүрку – жабу мен әрленетін беттің тұтасуын қамтамасыз ететін, қалыңдығы 5 мм болатын бірінші қабаты. Бүрку беті тегістелмейді, кедір-бұдырлы болып қалады. Грунт – жабудың қажетті қалындығын жасайтын екінші қабаты. Жамылғы – әрленетін бетті бояуға дайындайтын сылақ жабуының үшінші қабаты. Қабаттың қалыңдығы 2 мм болу керек, себебі бұл қабат кейде механикалық ысқылауға ұшырайды. Жоғары сапалы сылақ жалпы қалыңдығы 20 мм-ге дейін ерітіндінің үш-төрт қабаты – бүрку, грунттың бір немесе бірнеше қабаты және жамылғыдан тұрады. Сәндік сылақ кәдімгі сылақтан жамылғы қабатының құрамымен және өңдеу тәсілімен ерекшеленеді. Арнайы сылақ жылылықты қорғау, дыбысты сіңіру, рентген сәулесінен қорғау, су айыруды орындау үшін қондырылады.

Сграффито сылағы деп грунтқа тырнап салынған сәндік түсті сылақты, силуэттік суретті айтады. Сграффито сылағының ең маңызды компоненттері – әк қамыры, таза кварц құмы, пигменттер, цемент. Сграффитоны трафарет-үлгі бойынша созымды сылақ ерітіндісін қондырумен де орындауға болады.

Тас сылағы тас шабатын құралмен сәндік қабатының қатқан цемент тасын өңдеумен жасалады. Әрлеу қабаты екі мезгілде орындалады. Бірінші суланған грунтқа бүрку арқылы, содан кейін қатқан соң жамылғы қабаты қондырылады. Қалыңдығы 30-40 мм болу керек.

Сылақты гранит және мәрмәрден істелгендей етіп мынандай жүйелілікпен орындайды: дайындалған бетке 2-3 мм қабатпен консистенциясы қаймақ тәрізді цемент ерітіндісін қондырады, оның үстіне сәндік қабаты жасалады. Ірілігі 2-5 мм үгінді гранит немесе мәрмәр қолданылады. 2-3 күннен кейін 5-10 %-дық тұз қышқылы ерітіндісімен өңдейді.

Сөздік:

әрлеу жұмыстары – отделочная работа тас сылағы – каменная штукатурка

тотығуға беріктік – коррозиестойкость әк ерітіндісі – известковый раствор

әрлеу жабыны – отделочное покрытие сграффито сылағы – сылақ-өрнек

салмалы бөлшек – закладная деталь кедір-бұдырлы – шереховатость

дыбысты сіңіру – звукопоглощение қаптау – обмуровка; облицовка

сылақ жұмыстары – штукатурная работа бет – поверхность; лицевой

сәндік сылақ – декоративная штукатурка жамылғы – накрывка

кәдімгі сылақ – обыкновенная штукатурка

таза кварц құмы – чистый кварцевый песок

майлау құралдары – малярный инструмент

жоғары сапалы сылақ – высококачественная поверхность

169-тапсырма. Берілген сөздердің антонимін тауып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. соңғы – 4. астыңғы –

3. ішкі – 2. кедір-бұдырлы –

5. тез –

170-тапсырма. Мәтін мазмұнына сүйеніп сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1. Ішкі әрлеу жұмыстары -------------------------------------------------------------

2. Сылақ дегеніміз ---------------------------------------------------------------------

3. Кәдімгі сылақ ------------------------------------------------------------------------

4. Арнайы сылақ -----------------------------------------------------------------------

5. Сграффито сылағы деп ------------------------------------------------------------

171-тапсырма. Сөздердің синонимдерін тауып аударыңыздар, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

  Сөздер Синоним Аударма Мысалдар (сөз тіркестері)
Қорғау      
Астыңғы      
дымқылдану      
Сіңіру      
Тез      

 

172-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңыздар. Жауаптардың дұрыс нұсқасын көрсетіңіздер.

1. ... ... жылылықты қорғау, дыбысты сіңіру, рентген сәулесінен қорғау, су айыруды орындау үшін қолданылады.

А) тас сылағы С) арнайы сылақ

В) кәдімгі сылақ Д) сграффито сылағы

2. Ғимараттар мен үймереттерді жөндеудің соңғы кезеңіне ... ... ... жатады.

А) еден төсеу жұмыстары С) су құбырларын орнату

В) ішкі әрлеу жұмыстары Д) ыстық сумен қамту

 

3. ... ... түзілістерді дымқылдану, коррозия, механикалық бүлдіру әсерлерінен қорғайды.

А) терезе блоктары С) әрлеу жұмыстары

В) есік тоспалары Д) су құбырлары

173-тапсырма. Термин сөздерді тіліндегі аудармаларымен сәйкестендіріңіздер.

Қазақ тіліндегі атаулары Орыс тіліндегі аудармасы
1. екі қабатты сылақ 2. екі жақтаулы есік 3. екі қабатты бояу 4. екі аралық рама 5. екі құбырлы жүйе а) двухпролетная рама ә) двухслойная окраска б) двухтрубная система в) двухпольная дверь г) двухслойная штукатурка

174-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Ішкі әрлеу жұмыстары дегеніміз не? 2. Әрлеу жұмыстары қандай түрлерге бөлінеді? 3. Қаптау және сылақ жұмыстарын қай кезде бастайды? 4. Сылақ жұмысы дегеніміз не? 5. Кәдімгі сылақ деген қандай сылақ? 6. Бүрку, грунт, жамылғы қабаттары қандай қызмет атқарады? 7. Жоғары сапалы сылақ қандай қабаттардан тұрады? 8. Арнайы сылақ қандай мақсатта жасалады? 9. Сграффито сылағы дегеніміз не? 10. Тас сылағы қалай жүргізіледі? 11. Сәндік сылақтың басқалардан ерекшелігі неде?

175-тапсырма. Төменде берілген терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Әк (известь) –бор және басқа карбонатты жыныстан өңдеуімен алынатын тұтқырғыш зат әк. Сөндірілген (ұнтақ) және сөндірілмеген (қызулы) әк болады.

Қысқы тас қалау (кладка зимняя) –сыртқы ауаның температурасы теріс кезде аязға қарсы қоспалары бар ерітінділер немесе қатыру тәсілін қолданып тас құрылымдарын тұрғызу.

Әрлеу ерітіндісі (растворы отделочные) – түрлі-түсті сәндіктер мен кәдімгі сылақ үшін ерітінді бөлінеді.

Сылақ станциялары (штукатурные станции) – ерітіндіні қабылдау, оны сақтау, қажетті жеткізудің араластыруы, жұмыс орнына тасымалдау және өңделген бетке түсіру үшін қолданады.

Әдістемелік ұсыныс: Ғимарат жайларды жөндеудің соңғы кезеңіне жататын ішкі әрлеу жұмыстарымен танысу. Ақтау, сырлау, бояу жұмыстарының ерекшеліктеріне назар аудару.

Әдебиет:Нег.: 1 [46-48]

Бақылау сұрақтары:

1. Ішкі әрлеу жұмыстары дегеніміз не?

2. Кәдімгі сылақ деген қандай сылақ?

3. Жоғары сапалы сылақ қандай қабаттардан тұрады?

8-апта. 23-тәжірибелік сабақ

176-тапсырма.Тұсқағазды жабыстыру жұмыстары туралы мәліметпен танысып, мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

Т ұ с қ а ғ а з ж а б ы с т ы р у

 

Тұсқағаз – біркелкі немесе түрлі-түсті фонға бояу болмаса бедерлі баспа тәсілімен салынған алуан түрлі өрнегі бар қағаз текті әрлеу материалы.

Жапсырма тұсқағаздың кейбір түрлері (мысалы, жуылатын) ылғалға төзімді болады, оларды дымқыл шүберекпен сүрткенде беті бүлінбейді. Пленка қабаты бар тұсқағаздар суға және кір алғыш ерітінділерге мейлінше төзімді келеді.

Тұсқағаздар оралған күйінде ені 500, 600 және 750 мм етіп шығарылады. Орамалардың ұзындығы 7,0; 10,5; 12,0 және 18,0 м. Тұрғын үйге жапсыруға қанша қағаз кететінін білу үшін бір орамадағы қағазды үйдің төбесінен еніне дейін неше рет жапсыруға жететінін есептеп шығару керек. Бұдан соң қарапайым тәсілмен тұсқағаз жапсырылатын қабырғалардың жалпы ұзындығын есептей отырып, қажетті орама санын анықтауға болады.

Тұсқағаз желімделетін бөлменің температурасы 5 С-тан төмен болмауы тиіс. Қабырғалардың беті біркелкі тегіс және мейлінше құрғақ болған жағдайда ғана жапсыру жұмысы жүргізіледі. Ылғалдылығы жоғары бөлмелерге (ванна, душ) тұсқағаз қолданылмайды. Тұсқағаз жапсыруды барлық майлау жұмыстары (еденді сырлаудан басқа) аяқталған соң бастаған жөн. Сылақ жағылған қабырғаларды абразив материалымен (тегістеуші тас, тегістегіш тері) немесе пемзамен бетін тегістей отырып тазалайды.

Ағаштан қиып салынған үйдің қабырғаларына тұсқағаз үй әбден кепкен соң, кемінде бір жылдан кейін барып жапсырылады. Бөренелер арасындағы ойыққа үш бұрышты тақтай-сына қағып, ал олардың жіктеріне 2-3 қабат қағаз қиындысын жапсырып тегістейді. Саңылауларды сондай-ақ әк ерітінділерімен де бітеуге болады, бірақ әкті әбден кептіру керек. Ағаш қабырғаларды көбіне картонмен қаптайды. Шегелердің басына майлы бояу жағып, картон парақтардың түйіскен тұстарына қағаз жапсырып, бетін сылап тастайды. Фанера қағылған жерлерін немесе жіктерін сылақпен бекітіп, кепкеннен кейін пемзамен тегістеу керек. Шегелердің басын фанераға немесе сылаққа «сіңіре» кіргізіп, бетін сылап тастайды. Қағаз жапсырар алдында қабырғалардың плинтустар мен жақтаулардың арасындағы қуыстарды мұқият бітеу керек.

Тұсқағаз үшін әдетте газет қағазы пайдаланылады. Ол үшін әр қағаз параққа клейстер (крахмалдан, ұннан жасалған желім) жағып, жиектерін қиыстыра немесе саңылау қалмайтындай етіп жапсырады. Желімделген парақтарды таза шүберекпен немесе қыл щеткамен қағаздың бетінде бүршіктер, қыртыстар болмайтындай және тұтас жабысатындай етіп жазады.

Плинтустар мен жақтаулардың жиегіне келетін, сондай-ақ карниздердің астына кіретін бұрыштары мен жолақ тұстарына алдымен мұқият клейстер жағады. 4-5 сағаттан кейін, қағаз астары кепкен бойда, оны қайта тексеріп, бұдыр және шығыңқы тұстарын пемзамен тегістеу керек.

Клейстер жағылған жалпақ тұсқағаздарды қабырғаға жоғары жағынан бастап жапсырады. Тұсқағаз жапсырылған тұсты желден, артық ылғал мен шақырайған күн көзінен сақтау керек.

Сөздік:

жуылатын тұсқағаздар – моющиеся обои жақпа, бітеуіш – замазка

біркелкі түрлі-түсті – равномерно-цветная жиек, ернеу – кромка

тұсқағаз қайшысы – обойные ножницы тегістегіш – гладилка

түкті тұсқағаздар – ворсовые обои тұсқағаз – обои

тегістеу – выравнивание; затирка бөрене – бревно

ылғалға төзімді – влагостойкая кеуектас – пемза

жапсыру, желімдеу – склейка орама – рулон

еденкемер, ернеулік – плинтус желім – клей

177-тапсырма. Берілген етістіктерге -ма/ме; -ба/бе; -па/пе қосымшаларын жалғап, болымсыз етістіктер жасаңыздар.

Желімдейді, сырланады, бекітеді, жапсырады, қаптайды, қолданады, кеседі, бүлінеді, тегістейді, құрғатады.

178-тапсырма. Мәтіннен қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың жасалу жолын түсіндіріңіздер.

179-тапсырма. «Тұсқағаз» сөзімен бірнеше сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Ү л г і : Сапалы тұсқағаз. Тұсқағазды ауыстыру.

180-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Тұсқағаз дегеніміз қандай материал? 2. Қандай тұсқағаздар ылғалға төзімді келеді? 3. Тұсқағаз орамаларының ұзындығы қанша метр болады? 4. Бір бөлмеге қанша тұсқағаз жұмсалатынын қалай есептейді? 5. Тұсқағазды қандай бөлмелерге жабыстыруға болмайды? 6. Тұсқағаз жабыстырылатын бөлмеге қандай талаптар қойылады? 7. Сылақ жүргізілген және тегіс емес қабырғаларды немен қалай тазалайды? 8. Ағаш қабырғаларды немен қаптайды? 9. Саңылауларды қалай бітейді? 10. Фанера қағылған жерлер мен жіктерді немен бекітіп тегістейді? 11. Тұсқағаз қалай жапсырылады?

181-тапсырма. Төменде берілген терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Тұсқағаз жұмыстары (обойные работы)қабырлар мен төбелер беттеріне тұсқағаз не басқа оралма материалдар жапсыру бойынша жұмыстар. Тұсқағаз жұмыстарының технологиялық үрдісі беттерді дайындаудан және оларды желімдеуден тұрады.

Желім (клей) – жоғары адгезиялық қабілетке ие синтетикалық зат.

Қаптау (обделка) – жер асты ғимараттарының орнын бекітетін және олардың ішкі беттерін құрайтын тұрақты құрылым.

Әдістемелік ұсыныс: Тұсқағаз жабыстырудың негізгі ережелерін нақты білу үшін, салалық әдебиеттерді оқу, материалды меңгеру.

Әдебиет: Нег.: 7 [34-38]

Бақылау сұрақтары:

1. Тұсқағаз қалай жапсырылады?

2. Бір бөлмеге қанша тұсқағаз жұмсалатынын қалай есептейді?

3. Тұсқағаз жабыстырылатын бөлмеге қандай талаптар қойылады?

 

8-апта. 24-тәжірибелік сабақ.

Аралық бақылау жұмысы.

 

9-апта. 25-тәжірибелік сабақ

182-тапсырма.Құрылыс саласында кең түрде қолданылатын тас материалдары туралы мәтінмен мұқият танысып, сабақ барысында талқылаңыздар.

 

Қ ұ р ы л ы с м а т е р и а л д а р ы

* * * * *

Т а б и ғ и т а с м а т е р и а л д а р ы

Табиғи тас материалдары деп тау жыныстарын механикалық өңдеу (жару, тілу, ұсақтау және тағы басқа тәсілдер)арқылы алынатын плиталар, блоктар, қаптағыш материалдар, жолға төселінетін кесек және жалпақ тастар, жол жиек тастары, щебен, ұсақталған құм сияқты т.б. өнімдерді айтады.

Құрылыс саласында кең қолданылатын табиғи тас материалдарын төмендегінше үлкен екі топқа жіктеуге болады:

1. Құрылыста тікелей қолданылатын материалдар мен бұйымдар: үйлерді және ғимараттарды, өзен жағаларын, көпірлерді, басқа да көптеген инженерлік құрылыстарды қаптауға, жол және гидротехникалық құрылыстарына, үйлердің қабырғаларын көтеруге, өнеркәсіптік үйлердің еденін төсеуге, басқыш алабын құрамдауға, құрылыс ерітінділері мен бетондарға толтырушы ретінде және т.б. көптеген мақсаттар үшін пайдаланады.

2. Құрылыс материалдар өнеркәсібінде жасанды материалдар шығару үшін (керамика, шыны, минералдық байланыстырушылар, т.б.) шикізат ретінде қолданылатын минералдық жыныстар. Жасанды материалдарын алу процесінде табиғи тау жыныстарының құрамы, физикалық-механикалық қасиеттері өзгеріске толық ұшырайды.

Тау тас материалдарын өндіру технологиясының ерекшелігіне байланысты үш топқа бөліп қарастыруға болады:

1. Жекелеген қабырға тасы – арнаулы механизмдер көмегімен тікелей тау сілемінен кесіліп алынатын геометриялық дұрыс пішінді бұйымдар.

2. Қаптаушы немесе әсемдеуші тас бұйымдары – алдын ала тас сілемінен кесіліп алынған тас блоктарын тіліп, сонан кейін түрлі тәсілмен фактураланатын плиталар, үйлерді және ғимараттарды өңдеуге жарамды бұйымдар.

3. Руда емес материалдар – ұсақталған тас (щебень, қиыршық тас, құм).

Құрылыста әрбір табиғи тастан жасалған материалдар мен бұйымдарға қойылатын нақтылы техникалық талаптар бекітілген. Мысалы, үйлердің іргесін көтеру үшін, арнаулы табиғи жыныстан жасалған кесек пішінді (бут) тас, тілінген және шағылған тастар қолданады. Ал қабырғасын қалау үшін ізбес тастарынан доломиттерден, құмдық тастан, жанартаулық туфтан, т.б. жыныстардан жасалынған плиталар, блоктар жарамды.

Үйлер мен ғимараттардың сыртын қаптау үшін атмосфераның және аяздың әсеріне тұрақтылығы жоғары келетін тастардан (граниттен, сиениттен, диориттен, габбродан, кварциттен, андезиттен, базальттен) жасалынып тиісті тәсілмен өңделген плиталар және профильделінген бұйымдар қолданады. Іш жағын өңдеу үшін тиісті көрнекілігі, мықтылығы бар тау жыныстарынан (мрамордан, кеуекті ізбес тастарынан, оларды ракушечник, травертин деп те атайды, туфтан) жасалынған плиталарды қолданады.

Сөздік:

тау жыныстары – горная порода жару – расколоть, рубить

жалпақ тастар – плоское камень қиыршықтас – щебень

ұсақталған тас – дробленный камень ұсақтау – дробить

жол жиек тастары – дорожный бордюр шикізат – сырье

жасанды материал – искусственный материал тілу – пилить

механикалық өңдеу – механическая обработка

қаптағыш материалдар – облицовочные материалы

жекелеген қабырға тасы – отдельный стеновой камень

табиғи тас материалдары – природный каменные материалы

183-тапсырма. Берілген сөздер және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Табиғи тас материалдары, шикізат, ұсақталған тас, техникалық талап, жасанды материалдар, керамика, қаптау, қабырға тасы, инженерлік құрылыстар, іргетас, өңдеу, тау жынысы, әсемдеуші тас бұйымдары.

184-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Табиғи тас материалдары дегеніміз не? 2. Табиғи тас материалдары қандай топтарға бөлінеді? 3. Жекелеген қабырға тасы деп нені айтады? 4. Қаптаушы және әсемдеуші тас бұйымдарына нелер жатады? 5. Руда емес материалдарды атаңыздар? 6. Құрылыста табиғи тастан жасалған материалдарға қандай техникалық талаптар қойылады?

185-тапсырма. Мәтіннен есімше тұлғалы сөздерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріп беріңіздер.

186-тапсырма. Төменде берілген терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Тау жынысы (горная порода) –геологиялық үрдістің өнімі болып табылатын және жер қыртысында өздік денелер пайда болатын белгіленген құрамы мен құрылымының аз немесе көп табиғи минералды агрегат.

Қиыршықтас (щебень) – 3-70 мм-ден дәннің ірілігімен тау жыныстарының қатты уатқыш өнімі. Қиыршықтасты даярлау үшін атқылау, шөгінді, метаморфты жыныс және малтатас.

Шу (шум) – денсаулық үшін зиянды немесе басқа қатынаста қауіпті болатын немесе есту қабілетінен айырылуды тудыру мүмкін кез келген шу.

187-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына құрастырылған сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.

Сұрақ-жауап

– Табиғи тас материалдары дегеніміз не?

– Тау жыныстарын механикалық өңдеу (жару, тілу, ұсақтау және т.б. тәсілдер)

арқылы алынатын өнімдер.

– Табиғи тас материалдарына қандай өнімдер жатады?

– Плиталар, блоктар, қаптағыш материалдар, жолға төселінетін кесек және

жалпақ тастар, жол жиек тастары, щебен, ұсақталған құм, т.б.

– Табиғи тас материалдары қандай топтарға жіктеледі?

– Құрылыста тікелей қолданылатын материалдар мен бұйымдар және жасанды

материалдар шығару үшін шикізат ретінде қолданылатын минералдық

жыныстар деп екі топқа жіктеледі.

– Жекелеген қабырға тасы деген қандай бұйым?

– Арнаулы механизмдер көмегімен тікелей тас сілемінен кесіліп алынатын

геометриялық дұрыс пішінді бұйымдар.

Әдістемелік ұсыныс: Құрылыстағы табиғи тас материалдардын пайдалануды меңгеру, түсіну үшін, ғылыми әдебиеттерді оқып, интернет желісінен мәлімет жинау.

Әдебиет: Нег.: 10 [185-216]

Бақылау сұрақтары:

1. Табиғи тас материалдары дегеніміз не?

2. Қаптаушы және әсемдеуші тас бұйымдарына нелер жатады?

9-апта. 26-тәжірибелік сабақ

188-тапсырма.Ағаш бұйымдары қайда қолданылып, қалай топтастырылады, ерте кезде сәулетшілер не үшін пайдаланған? Сұрақтарға жауап беру арқылы мазмұндаңыздар.

 

Ағаш материалдары мен бұйымдары

Ағаш көп ғасырлар бойы пайдаланып келе жатқан дәстүрлі материал. Оның тамаша қасиеттері (тығыздығының төменділігі, беріктілігінің жоғарылығы, оңай өңделетіндігі, жеке бөліктерін бір-бірімен оңай біріктірілетіндігі, жылу өткізгіштік коэффицентінің төмендігі, аязға төзімділігі, химиялық реагенттерге шыдамдылығы) қарай ағаш материалдары мен бұйымдарын құрылыста кең қолданатын болды. Сонымен бірге, ағаштың құрылыстық қасиетін нашарлататын кемістігі де бар. Олар: құрылысының біркелкі еместігі (анизотроптығы), су буын сіңіріп, мөлшерін, пішінін өзгертіп, қисая деформацияланатындығы, жанғыштығы, шірігіштігі.

Ағаштың құрылыста қолданылуы өте ерте заманнан басталған. XII-XIII ғасырлардың өзінде орыс сәулетшілері ағаштарды қолдана отырып, көптеген зәулім ғимараттарды, көпірлер, шіркеулер, бекіністер, тамаша тұрғын үйлер, т.б. көрнекті де сәулетті биналар салғаны белгілі. Сондықтан, ерте замандардан бастап ағаш бұйымдарының төзімділігін түрлі ерітінділер көмегімен оларды кеселденуден, шіруден, жанудан қорғау тәсілдерімен қорғанатын болған.

Қазіргі кезде ағаш қорының азаюына және күрделі құрылыс көлемінің үдемелей дамуына байланысты, ағаш материалдары мен бұйымдарын құрылыста бұрынғыдай кең қолданатын мүмкіншілік шамалы болып қалды.

Желімделінген және құрастырмалы ағаш бұйымдары мен конструкцияларын өнеркәсіптік және қоғамдық үй құрылыстарында қолданады. Әрине, есік пен терезе блоктарын жасауға, тұрғын үйлердің еденін төсеуге және қабырғаны өңдеуге ағашқа теңесер материал жоқ.

Ағаш өнімдері былай топталады: дайын бұйымдар мен конструкциялар – жиналмалы үйлер және олардың бөлшектері; ұсталық бұйымдар; ағаш бұйымдары өндірісінің қалдықтары мен полимер негізіндегі композициялық материалдары және бұйымдары; желімделінген конструкциялар мен фанерлер.

Сүргіленген ағаш бөліктеріне қылқанды жапырақты және жапырақты ағаш жыныстарынан жасалынатын станокпен сүргіленген, еден төсеуге пайдаланатын тақтайлар, брускалар, маңдайшалар, рамка, рейка, т.б. метрбойлық (погонаждық) материалдар жатады.

Паркеттік бұйымдар – жекелеген паркет, паркеттік тақтай, қалқа және мозайкалық (әшекейлі) паркет болып бөлінеді.

Ұсталық құрылыс бұйымдарына терезе және есік блоктары, тұрғын үйлерде кең қолданылатын ұсталық қалқандар мен панельдер жатады.

Сөздік:

ағаш материал – лесоматериал тығыздық – плотность

сүргіленген – строганный беріктік – прочность

желімделінген – клеенная өңдеу – оброботка

ағаш бұйымдары – столярные изделия

жапырақ текті ағаш – древесина лиственных пород

құрастырмалы ағаш бұйымдар – сборно-деревьянный изделие

189-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын пайдаланып, сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1. Ағаштың пайдалы қасиеттеріне -----------------------------------------------

2. Ағаштың материалдарының кемістігіне ------------------------------------

3. Желімделінген және құрастырмалы ағаш бұйымдары -------------------

-----------------------------------------------------------------------------------------

4. Сүргіленген ағаш бөліктеріне ---------------------------------------------------

5. Паркеттік бұйымдар ---------------------------------------------------------------

6. Ұсталық құрылыс бұйымдарға --------------------------------------------------

190-тапсырма. Мәтіннен -лық/лік; -дық/дік; -тық/тік жұрнақтары арқылы зат есімнен сын есім жасап тұрған сөздерді тауып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

191-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Тығыздығының төменділігі, аязға төзімді, құрастырмалы ағаш бұйымдар, жылу өткізгіштік, ағаштың құрылыстық қасиеті, желімделінген конструкциялар, станокпен сүргіленген, шіруден қорғау, жанудан қорғау тәсілдері.

192-тапсырма. Мәтіннен алынған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Ү л г і : Бұйымдарының. Бұйым-түбірі, зат есім; дар – көптік жалғауы; ы – тәуелдік жалғауы; ның – ілік септігінің жалғауы.

Өткізгіштік, құрастырмалы, ғимараттарының, біріктірілетін, желімделінген, құрылыстық, төзімділік.

193-тапсырма. Төменде берілген терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Тақтайлар (доски) – қалыңдығы 100 мм аспайтын және ұзындығының еніне қатынасы екіге тең кесілген материал. Қалыңдығына байланысты тақтайлар жіңішке (13-32 мм) және қалың (40мм астам) болып екіге бөлінеді.

Лактанған ағаш талшықты тақта (лакированная древесноволокнистая плита) – бір немесе екі қабаты лак сырлы материалдармен жабылған ағаш талшықты плита.

Антисептирлеу (антисептирование) – ылғалдылық ортаның әсерімен биологиялық бұзылуынан ағашты қорғау.

194-тапсырма. Берілген сұрақ-жауаптарды рөлге бөліп оқып, мағынасын иеңгеріңіздер.

Сұрақ-жауап

–Құрылыста қолданылатын негізгі тал жыныстары қандай топтарға бөлінеді?

– Қылқанды жапырақты (хвойлық) және жапырақты (листвалық) ағаштар

болып екі топқа бөлінеді.

– Қылқанды жапырақты ағаштарға қандай ағаштар түрлері жатады?

– Қарағай, шырша, бал қарағай, самырсын ағаш, кедр, тисс.

– Қылқанды жапырақты ағаштардың сапасы листвалық ағаштарға қарағанда

қандай?

– Сапасы біраз жоғарылау, әрі табиғатта көбірек тараған. Сабағы түзік және

биік, шіруге онша берілмейді.

– Фанера дегеніміз не?

– Қабырға қаптау үшін уақытша және қосымша ғимараттарды салғанда

пайдаланатын құрылыстық жұқа тақтай.

– Плинтус қандай бұйым?

– Еден мен қабырға аралығындағы саңылауды бекіту үшін қолданатын,

сүргіленген метрбойлық (погонажды) бұйым.

Әдістемелік ұсыныс:Құрылыстардағы ағаштан жасалған бұйымдардың артықшылықтарын сипаттау.

Әдебиет: Нег.: 10 [23-259]

Бақылау сұрақтары:

1.Фанера дегеніміз не?

2. Плинтус қандай бұйым?

 

9-апта. 27-тәжірибелік сабақ

195-тапсырма.Мәтіндегі керамика материалдары туралы берілген мәліметпен танысып, мазмұндаңыздар.

Жасанды құрылыс материалдары

Керамика деп keramike грек сөзі (keramos – саз деген сөзден шыққан) – қыш өнері деген мағынада. Керамикалық деп әр алуан ылғалдықтағы, көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық біркелкі массадан түрлі тәсілдермен қалыпталып және жоғарғы температурада күйдіріліп жасалатын тас материалдары мен бұйымдарын айтады.

Керамикалық материалдар номенклатурасы орасан көп. Оларға жататындар: кәдімгі құрылыс кірпіштері, түрлі мақсатқа арналған керамикалық тастар, қабырғалық блоктар мен панельдер, черепицалар, құбырлар, қаптаушы плиталар мен плиткалар, санитарлық-техникалық бұйымдар, жылу айырушы материалдар (керамзит, перлит, вермикулит, аглоперит) және т.б. толып жатқан түрлі керамикалық материалдар мен бұйымдар.

Керамикалық бұйымдардың маңызды физикалық-механикалық қасиеттері 900-11000С аралығындағы температурада күйдірілуі нәтижесінде қалыптасады. Күйдіру нәтижесінде бұйымдар тас тәрізді күйіне көшіп беріктік, суға және аязға төзімділіктерін жоғарылатып, керекті құрылыстық қасиеттеріне ие болады. Керамикалық бұйымдардың су сіңіргіштік, аязға төзімділік, механикалық беріктігі, химиялық және термиялық тұрақтылық, үйкелістігі, су өтімділік қасиеттері олардың кеуектігі мен тығыздығына байланысты.

Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібі қазіргі кезде бүкіл процестері механикаланған және автоматикаланған өндіріс саласы.

Сөздік:

керамика – қыш

кеуектігі – пористость

жабынқыш – черепица

керамикалық тастар – керамические камни

кәдімгі құрылыс кірпіштер – обыкновенный строительный кирпич

жасанды құрылыс материалдары – искусственные строительные

материалы

196-тапсырма. Төмендегі сөздерге ілік септігінің (-ның, -нің; -тың, -тің; -дың, -дің) жалғауларын жалғаңыздар.

1. керамика- 5. материал- 9. керамзит-

2. құрылыс- 6. беріктігі- 10. бұйым-

3. саз- 7. кірпіш- 11. кеуектігі-

4. қыш- 8. тәсіл- 12. өндіріс-

197-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Керамика деген сөз қандай мағына береді? 2. Керамика дегеніміз қандай материал? 3. Керамикалық материалдарға қандай бұйымдар жатады? 4. Керамиканы күйдіру нәтижесінде қандай қасиеттерге ие болады? 5. Керамиканың су сіңіргіштік, аязға төзімділік, механикалық беріктігі сияқты т.б. қасиеттері несіне байланысты? 6. Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібі қандай салаға жатады?

198-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді тауып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

199-тапсырма. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар.

Керамика, қоспа, өнеркәсіп, кірпіш, құбыр, тығыздық

200-тапсырма. Төменде берілген терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Қыш тақтай (керамическая плита) –қыш массаның күйдіру жолымен алынған бетінің әрлеу үшін қолданылған жазық бұйым.

Кеуектілік (пористость) – материал көлемінің кеуекпен толтырылу дәрежесі.

Беріктік (прочность) – материалдың жүктемелер мен әсерлердің әр түрлерін қирамай қабылдайтын қасиеті.

Әдістемелік ұсыныс:Құрылыстағы жасанды материалдардың тиімді тұстарын атап шығу.

Әдебиет: Нег.: 10 [281-328]

Бақылау сұрақтары:

1. Керамика дегеніміз қандай материал?

2. Керамикалық материалдарға қандай бұйымдар жатады?

3. Керамиканы күйдіру нәтижесінде қандай қасиеттерге ие болады?

10-апта. 28-тәжірибелік сабақ

201-тапсырма.Мәтіннен металл материалдарын құрылыс саласында қолданудың маңыздылығына нақты тоқталып, мәтінді мазмұндаңыздар.

 

Металл материалдары, оларды қолдану

Қазіргі заманда құрылыс саласында металдардың және ерітпелердің маңызы өте зор. Олай болатыны металл материалдары мен бұйымдарына құнды құрылыстық қасиеттер тән. Атап айтатын болсақ – мықтылығының жоғарылығы, едәуір созымталдық деформацияға қабілеттілігі, яғни қысымдық әсерімен оны өңдеу мүмкіншілігі, оның ішінде езгіленуге, соғу арқылы созылуға, штампталуға, созуға икемділігі, сондай-ақ құйылу қасиеті, дәнекерленуі, төменгі және жоғары температурада мызғымайтындығы және т.б. қасиеттері бойынша басқа құрылыс материалдарынан ұтымдылығымен ерекшеленеді.

Металл дегеніміз атомдары кеңістік тор түйіндерінде белгілі бір заңдылықпен орналасқан кристалдық дене. Құрылыста, әдетте таза металды емес, ерітпені қолданады. Ең кең қолданылатын қара металл негізіндегі (94 пайыздай шамада) және аздаған түсті металдар ерітіндісі (қорытпасы) негізінде жасалған бұйымдар.

Қорытпалар (оларды ерітпе немесе балқыма деп те атайды) металдық қасиеттерге ие. Олар екі немесе одан да көп элементтерден тұрады. Мысалы: қола – қалайы мен мыс қоспасы, құйылу қабілеті өте жоғары, сантехникалық элементтерді жасауға кеңінен қолданылады. Қола дәуірінде металл құралдардың (балта, тескіш, қашау т.б) ойлап шығарылуы ағашты жақсылап өңдеуге, кесуге, жонып тегістеуге, тесуге және шауып қиюға мүмкіндік берді, бұл өз кезінде ағаш құрылымы мәселесін шешуге жол ашты. Металл құрал-саймандар тас өңдеу ісінде де, тас құрылымдарын өркендетуде де прогрестік рөл атқарды. Қола құю ісі және түсті металдарды өңдеу сақ тайпаларында жоғары дәрежеде болды.

Түсті металл қорытпаларын агрессивтік ортада істейтін, үйкеліске ұшырайтын, жоғары жылу өткізгіштігін, электр өткізгіштігін және массасы төмендігін қажет ететін бөлшектерді жасау үшін қолданады. Кейінгі кездері алюминийдің және оның қорытпаларын құрылыста кең қолданып келеді.

Алюминий – күміс сияқты ақ және майысқақ, жұмсақ металл, атмосфералық коррозияға берілмейді. Ол көпшілігінде бояу, фольгалар, газ шығарушы ретінде қолданылады.

Дюралюминдер – алюминийдің мыс, марганец, магний қоспаларымен бірге қорытылған күрделі құрамдағы балқымалар. Дюралюминдерді үлкен аралық ғимараттар конструкциялары үшін, сейсмикалық құрылыста басымырақ қолданады.

Темір кенінен қара металдар өндіру – күрделі технологиялық процесс. Оны шартты түрде екіге бөледі. Бірінші сатысында шойын алады, ал екінші сатысында – оны қайтадан өңдеу арқылы құрыш алады. Шойын деп темірдің көміртегімен (2 - 6,67 пайыз) қорытпасын айтады. Құрыш деп 2 пайызға дейін көміртегі бар теміркөміртекті қорытпаны айтады. Құрылыста құрыш конструкцияларын жасау үшін, темірбетон конструкцияларын арматуралауға, жамылтқы орналастыруға, темірбетон бұйымдарын қалыптастыруына және т.б. мақсаттарға қолданады.

Сөздік:

үйкеліс күші – сила трения қола – бронза

кеуек тас – пемза қорытпа – сплав

кеуектер – поры шойын – чугун

ерітінді қоспа – растворная смесь

202-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Металл материалдары мен бұйымдарына қандай құрылыстық қасиеттер тән? 2. Металл дегеніміз не? 3. Қорытпалар қанша элементтерден тұрады? 4. Металл құралдардың ойлап шығарылуы қандай жұмыстарды атқаруға жол ашты? 5. Түсті металл қорытпаларын қандай бөлшектерді жасау үшін қолданады? 6. Алюминийді, дюралюминдерді қандай мақсатта қолданады? 7. Шойын мен құрыш не үшін қолданылады?

203-тапсырма. Төменде берілген сөздерді пайдаланып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Мықтылық, жоғарылық, төмендік, созымталдық, қабілеттілік, мүмкіншілік, ұтымдылық, өткізгіштік, майысқақтық.

204-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Шойын балқытқыш – қарсы токтың приципімен жылу алмасу пайда болатын толассыз әрекеттердің шахталық балқыту пеші.

Құю – созылымды массаның металл таспада немесе барабанда жұқа қабатпен үйлестіріп және қатайтып жұқа үлдір ретінде алынатын технологиялық үрдіс.

Кеуек бетон – біркелкі таралған кеуектерден тұратын минералды тұтқырғыш пен кремнеземдік құрам негізіндегі жасанды кеуекті материал.

Кеуектілік – материал көлемінің кеуекпен толтырылу дәрежесі.

Ашық кеуектілік – сумен қаныққан барлық кеуектің қосынды көлемінің материал көлеміне қатынасы.

Жаншып жұқарту – айналу білігі арасындағы саңылауда пластмасса қалыптасатын технологиялық операция.

205-тапсырма. Мәтіндегі сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыздар.

Сақтардың шаруашылығында мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту да үлкен рөл атқарды. Олар темір қорыту әдісімен бір шама ерте кезде танысқан. Б.з.б. мыңжылдықтың бас кезінде-ақ сақтар қызыл, қоңыр және магнитті темір рудасын пайдалана білді. Орталық Қазақстан, Жетісу және Арал маңынан б.з.б VII ғасырда сақтардың темірден жасаған көптеген бұйымдары табылған, сондай-ақ ертедегі кен орындары, металлургиялық өндірістің қалдықтары белгілі.

206-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздыр.

Түріктердің жалпы тарих сахнасына ала шыққан мамандығы – темір өндіру ісі болатын. Олардың аңызға айналған арғы атасы Ашин теріскейге қашып келіп, «жужандарға темір өндіреді». 546 ж. Жужан қағаны Анахуан түркіттер көсемін: «менің темір қорытатын тұтқыным» деп, түріктердің басты кәсібін айрықша атайды.

Археологиялық барлау ісі түркіт металлургиясының VI-IX ғғ жәдірігерлерін тапқан. Алтайдың сол кездерге жататын тайыз апандар, забойлар сияқты өндіру ісінің іздері кездескен. Темірді балқытып алу әдісі – сызды үрлеу. Темір қышқылы көміртегі қышқылымен химиялық жол арқылы қосылғанда, ол кәдімгідей күйтіне келіп, кеуекті құйма металл болып шығады. Кеуек темірдің сапасы қазірдің өзінде домналық темірден артық саналады.

... Темір көшпенділерге бұрын да белгілі болған, бірақ оны халықтың жаппай қолдануына жеткізген тек түркіттер ғана болды. (Лев Гумилев)

207-тапсырма. Термин сөздерді жаттап алыңыздар.

кеуек темір – железо губчатое тайыз руст – мелкий руст

көмір қышқылы – угольная кислота көміртегі – углегрод

кеуек аратөсем – пористая поверхность қышқыл – кислота

кеуектендіргіш – порообразователькеуекті жік – пористый шов

208-тапсырма. Металл құралдары атауларының түсіндірмесін біліп алыңыздар.

Ара– ағаш кесетін құрал, темір қышқы.

Аталғы– қашау темір, ағаштың қабығын аршитын қисық пышақ.

Балға– ұсталардың, шеберлердің ұстанатын ұрғыш темірі.

Кескіш– темір кесетін бір басы жүзді жұмыр шапқы.

Айбас – ет шабатын жарты ай бейнелі темір түйгіш.

Қадаубас– темір тесетін құрал, асыл тескіш.

Қазиек– пышқы, темір ара.

Масатемір – қысқаш темір.

Пәрбі (бәрбі) – шойын тесетін үскі.

Теміртек– жасық, жай темірден соққан пышақ.

Тескіш– темір тесетін, ұшының асылы бар қадау тас темір.

Тістеуіш– араның тістерін оңдайтын кілт сияқты темір.

Шақпы (шапқы) – темір кесетін асыл жүзді темір.

Әдістемелік ұсыныс: Құрылыс саласында қолданылатын металдар мен ерітпелердің маңызына тоқталу.

Әдебиеттер: Нег.: 10 [413-419]

Бақылау сұрақтары:

1. Металл дегеніміз не?

2. Түсті металл қорытпаларын көбінесе қайда қолданады?

 

10-апта. 29-тәжірибелік сабақ

209-тапсырма.Мәтінмен танысып, пластмассадан жасалған материалдар төңірегінде өзара ой бөлісіп, пікір алмасыңыздар.

 

Просмотров: 1396

Вернуться в категорию: Строительство

© 2013-2022 cozyhomestead.ru - При использовании материала "Удобная усадьба", должна быть "живая" ссылка на cozyhomestead.ru.