рус | укр

Главная

Контакты

Навигация:
Арсенал
Болезни
Витамины
Вода
Вредители
Декор
Другое
Животные
Защита
Комнатные растения
Кулинария
Мода
Народная медицина
Огород
Полесадник
Почва
Растения
Садоводство
Строительство
Теплицы
Термины
Участок
Фото и дизайн
Хранение урожая









А р х и т е к т у р а

Кесте

Апталар
Бақылау түрлері ЛТ Ш ЛТ Р ЛТ Ба ӨЖ ЛТ Ба ЛТ Р ЛТ Ба АБ   ЛТ Ш ЛТ Р   ЛТ Ш ӨЖ ЛТ Р ЛТ Э АБ  
Бақылау-дың апталық саны
Бақылау түрлері: ЛТ – лексикалық тақырып; ӨЖ – өздік жұмыс; Ба – баяндама; Ш – шығарма; Э – эссе; Р – рефераттар; АБ – аралық бақылау

 

Студенттердің білімін бағалау

Баға Әріптік эквивалент Пайызбен % Балмен
Өте жақсы А А- 95-100 90-94 3,67
Жақсы В+ В В- 85-89 80-84 75-79 3,33 3,0 2,67
Қанағаттанарлық С+ С С- D+ D 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0
Қанағаттандырарлықсыз Ғ 0-49

Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге

арналған сұрақтар тізімі

I-VIII модульдар бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:

1. Сәулет өнері дегеніміз не?

2. Сәулет өнері атқаратын қызметіне қарай қаншаға бөлінеді?

3. Мүсін өнеріне не жатады?

4. Ірі тастардан қаланған қандай монументті құрылыстарды білесіңдер?

5. Сәулетші болу үшін нені білу керек?

6. Натюрморт дегеніміз не?

7. Сәулет өнері қандай салалармен тығыз байланысты?

8. Құрылыс-жөндеу процестері қалай бөлінеді?

9. Іргетас дегеніміз не?

10. Қолданылатын материалына байланысты қалаудың қандай түрлері бар?

11. Тұтынушыларына қарай ыстық сумен қамту жүйелері қандай топтарға

бөлінеді?

12. Газ құбырларын тұрғын үйлерге орнатудың жолдарын айтып беріңіздер?

13. Инженерлік жүйелерге жылулық энергиясын өндіру үшін қандай жылу

көздері қолданылады?

14. Желдету жүйесі дегеніміз не?

15. Жылыту аспатарына нелер жатады?

16. Еден жабуы мен жүк көтеретін элементтің аралығында қандай аралық

қабаттар болады?

17. Терезе бөлшектері қандай элементтерден құралады?

18. Ішкі әрлеу жұмыстары дегеніміз не?

19. Жоғары сапалы сылақ қандай қабаттардан тұрады?

20. Тұсқағаз жабыстырылатын бөлмеге қандай талаптар қойылады?

IX-XV модульдар бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:

1. Табиғи тас материалдары дегеніміз не?

2. Руда емес материалдарды атаңыздар?

3. Құрылыста табиғи тастан жасалған материалдарға қандай техникалық

талаптар қойылады?

4. Фанера дегеніміз не?

5. Керамикалық материалдарға қандай бұйымдар жатады?

6. Металл дегеніміз не?

7. Пластмассадан қандай құрылыс материалдар жасалады ?

8. Акустикалық материалдар деп нені айтады?

9. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қандай мәселелер жатады?

10. Азаматтық қорғаныстың атқаратын негізгі міндеттерін атаңыздар?

11. Ахмет Яссауи ескерткішінің құрылысы туралы айтып беріңіздер?

12. Қорқыт қай қалада дүниеге келіп, өмір сүрген?

13. Бекет атаның сәулетшілік қызметі?

14. Төлеу Бәсеновті кім деп танимыз?

15. М.Меңдіқұловтың атқарған еңбектері қандай?

16. Ә.Марғұлан Шоқан Уәлихановтың мұрасын жинақтаушы екендігі жайлы не

айтасыздар?

17. «Қазақстан» қонақ үйі ғимаратының қасбеті немен қапталған?

18. Б.Шолақ атындағы Спорт кешені қашан ірге көтерді?

19. Қазақстандағы пирамида құрылысы жайлы айтып беріңіздер.

20. «Астана-Бәйтерек» монументі қандай бөліктерден тұрады?

Аралық аттестацияға арналған сұрақтар:

1. Сәулет өнері қандай салалармен тығыз байланысты?

2. Қолданылатын материалына байланысты қалаудың қандай түрлері бар?

3. Ішкі әрлеу жұмыстары дегеніміз не?

4. Мүсін өнеріне не жатады?

5. Натюрморт дегеніміз не?

6. Жоғары сапалы сылақ қандай қабаттардан тұрады?

7. Құрылыс-жөндеу процестері қалай бөлінеді?

8. Тұтынушыларына қарай ыстық сумен қамту жүйелері қандай топтарға

бөлінеді?

9. Канализациялық су станциялары не үшін қажет?

10. Газды аспаптарды үйдің қай бөлігіне орнату керек және нені ескеру қажет?

11. Жылыту аспаптарын көбінесе бөлменің қай жерлеріне орналастырады?

12. Өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда қандай іс шараларды

қарастырған міндетті?

13. Құрылыста табиғи тастан жасалған материалдарға қандай техникалық

талаптар қойылады?

14. М.Меңдіқұловтың атқарған еңбектері қандай?

15. Пластмассадан қандай құрылыс материалдар жасалады?

16. Акустикалық материалдар деп нені айтады?

17. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптерін атаңыздар?

18. Ахмет Яссауи ескерткішінің құрылысы туралы айтып беріңіздер?

19. «Қазақстан» қонақ үйі ғимаратының қасбеті немен қапталған?

20. Қаптаушы және әсемдеуші тас бұйымдарына нелер жатады?

1.9 Курстың саясаты және тәртібі

Курстың саясаты мен тәртібі оқытушылардың студенттерден міндетті түрде сабаққа қатысуын, барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беру, сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру барысында оқытылатын пәннің бірізділігін сақтау қажет. Әрбір оқушы бақылау түрлерін бірізділікпен тапсыруын негіздеуі қажет. Студенттер өз уақытысында өзіндік жұмысын орындап, оқытушыға тапсырып отыруы керек.

 

2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны

2.1 Курстың тақырыптық жоспары

Тақырып атаулары Академиялық сағат саны
Тәжірибелік сабақтар СОӨЖ СӨЖ
Сәулет өнері
Республикадағы құрылыс ісі
Тұрғын үй салудың жобасы
Құрылыс машиналары
Құрылыстық инженерлік жүйелер
Ауа үрлеу және салқындау жүйелері
Ғимараттардың қосалқы жұмыстары
Әрлеу жұмыстары
Құрылыс материалдары
Металл материалдары, оларды қолдану      
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Үлкен парасат иелері
Жақсылардың үлгісі жанып тұрған шамдай
Қоғамдық ғимараттардың архитектурасы
Балуан Шолақ атындағы спорт кешені
  Барлығы: 135 сағат
           

1-апта. 1-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінмен танысып, сәулет өнері жайлы білетіндеріңізді өз тараптарыңыздан толықтырып, мазмұндаңыздар.

 

С ә у л е т ө н е р і

* * * * *

А р х и т е к т у р а

Архитектура (латынша archi – tectura, грек.architekton – құрылысшы), сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Өзінің атқаратын қызметіне қарай архитектура негізгі үш түрге бөлінеді: көлемдік ғимараттар құрылысының архитектурасы (тұрғын үй, театр, мектеп, дүкен); қаланы көріктендіру немесе жасыл-желек архитектурасы ((бақ-парк, фонтандар); қала құрылысының архитектурасы, яғни қала салу өнері (жаңа қалалар салу, ескі аудандарын жаңарту).

Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып саналған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Миллиондаған халқы бар қаланы да, шағын тұрғыны бар ауылды да салу оңай емес. Бұл салада архитекторға тек қана сәулетші болу аз, ол социология мен гигиенаны, экономика мен экологияны, транспорт пен қала шаруасын білуі керек. Жеке ғимараттардан ансамбль құру мәселесі, қаланың қайталанбас кескін-келбетін жасауға тырысу, ескі құрылыс пен жаңа құрылыстың үйлесімді шешімін табу асқан шеберлікті керек етеді.

Архитектор гректің «архитектон» деген сөзінен алынған. Алғашқы мағынасы құрылыс өнерінің бас шебері деген ұғымды білдіреді. Ал Даль – архитектор деген терминге «ғалым-құрылысшы», «суретші-құрылысшы» деген анықтама береді.

Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша, сәулеттік шығармаларда бұлжымайтын үш қасиет болу керек: беріктік, қолайлылық және әдемілік. Беріктік – инженерлік есепке, қолайлылық – тұрмысты білуге байланысты болса, әдемілік – сәулетшінің талант-талғамынан туады.

Бүгінгі күннің сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты. Электроника, эскалатор мен лифттер, сантехникалық бұйымдар, ауа тартқыш тетіктерсіз бір де бір ірі құрылыс салынбайды. Алдыңғы қатарлы технологияны өнердің әдемілік шарттарымен ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, суреткерлік ой керек.

Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, тал шыбықтардан және балшықтан салды. Су айдынында да үй тұрғызып үйренген. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгірлер мен дольмендер пайда болды. Менгірлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес. Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді.

Сөздік:

тұрғын үйлер – жилые дома беріктік – прочнось

жабдық – оборудование әдемілік – красота

адамзат – человечество салу – строить

шеберлік –мастерство бейне – образ

құрылысты жобалау – проектирование строительства

қоғамдық ғимарат – общественное сооружение

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Сәулет өнері дегеніміз не? 2. Сәулет өнері атқаратын қызметіне қарай қаншаға бөлінеді? 3. Сәулет өнерінің туындылары нені қалыптастырады? 4. Сәулетші болу үшін нені білу керек? 5. Витрувийдің айтуынша, сәулеттік шығармалар қандай қасиетті керек етеді? 6. Сәулет өнері қандай салалармен тығыз байланысты? 7. Ірі тастардан қаланған қандай монументті құрылыстарды білесіңдер?

3-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестеріндегі қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызыңыздар.

Құрылысшы, сәулет өнері, тұрғын үй, дүкен, қоғамдық ғимараттар, ғалым-құрылысшы, оңай жұмыс емес, жаңа үй, шеңбер жасау, үйдің іргетасы, бөлменің қабырғасы, сарайдың төбесі, үй жиһаздары, қаһарман қалалар, көне шаһар.

4-тапсырма. Төменде берілген сөздерді пайдаланып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ғимарат, үй, қала, мектеп, құрылысшы, сәулетші, аудан, кешен, ауыл, көлік, шығарма, жабдық, бұйым, тетік, тас, құрылыс, төбе, шатыр, дольмен, қабырға.

5-тапсырма. Төменде берілген есім сөздерді жіктеңіздер.

Инженер, маман, мүсінші, құрылысшы, сәулетші, кескіндемеші, жұмысшы, суретші, жинақтаушы, шебер, ісмер, зергер.

Ү л г і : Жекеше түрде: Көпше түрде:

I жақ Мен инженермін I жақ Біз инженерміз

II жақ Сен инженерсің II жақ Сендер инженерсіңдер

Сіз инженерсіз Сіздер инженерсіздер

III жақ Ол инженер III жақ Олар инженерлер

6-тапсырма. Жаңылтпашты жатқа айтыңыздар.

Дән – дәулет, Сән – сәулет,

Дәулет – дән. Сәулет – сән.

7-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Сәулет объектісі – сәулет жобасы негізінде құрылған үймерет, ғимарат, үймереттер мен ғимараттар кешені, олардың бейнесі (көрінісі), жайластырушылық, көрініс не бақпарк өнерінің объектілері.

Сәулет жобасы – жобалауда суретші қатысуы қажет объектілердің құрылысына құжаттамалар жасау үшін қажетті көлемде объектіге әлеуметтік, экономикалық, функционалдық, инженерлік, техникалық, өртке қарсы сақтық, санитарлық-тазалық, экологиялық, сәулет-көркемдік және басқа да талаптарды кешенді есепке алатын сәулет шешімдері бар құрылыс және қала құрылысы құжаттамасының сәулет бөлімі.

8-тапсырма. Ғибрат сөздерді жаттап, мағынасын есте сақтаңыздар.

Сәулет – үнсіз музыка. Өнер сыры – өрнекте.

(И.Гете) (Ғ.Мүсірепов)

Архитектура әндер мен аңыздар үнсіз қалып, жер бетінен жойылған халық туралы ештеңе де айтпайтын кездерде де тарих шежіресін жырлап тұрады.

(Н.В.Гоголь)

Ғимарат салғанда адамның тұруына ыңғайлығын әдемілікке ұштастыра білген суретші – мақтауға тұратын сәулетші.

(Д.Бернини)

Әдістемелік ұсыныс: Сәулет өнерінің өзіндік ерекшелігі мен оның басқа салалармен тығыз байланысы жөнінде мәлімет беру.

Әдебиет:Нег.: 5 [4-10]; Қос.: 19 [27-29]

Бақылау сұрақтары:

1. Сәулет өнері дегеніміз не?

2. Сәулетші болу үшін нені білу керек?

3. Сәулет өнері қандай салалармен тығыз байланысты?

1-апта. 2-тәжірибелік сабақ

9-тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқып, Қазақстан жеріндегі кәсіптік мүсін өнерінің пайда болуы жайлы мәліметтерді меңгеріп, мазмұндаңыздар.

М ү с і н ө н е р і

 

Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі. Бұл – латын тілінде «шекимін, қашаймын» деген сөз. Мүсін туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік және аумақтық) құралады. Мүсін қатты немесе пластикалық материалдардан жасалады, негізінен адамды (кейде жан-жануарларды) бейнелейді. Мүсіннің тақырыптық басты жанрлары: портрет, тарихи және тұрмыстық мүсіндер, символикалық және аллегориялық фигуралар, анималистік мүсіндер.

Мүсін мазмұнына қарай: а) монументті-сәндік, қондырғылы немесе ә) шағын формадағы мүсін болып екіге бөлінеді. Мүсіннің өңдеу тәсілдері: ою, құю, шеку т.б. болып келеді. Мүсін негізінен екі түрге бөлінеді: жұмыс (мүсінді жан-жағынан түгел көрсету) және рельефті (тегіс заттың бетіне бедер түсіру). Рельефті бедермен ойылып жасалған күрделі композициядағы мүсіндерді тек монументтік туындыларда ғана қолданады.

Монумент мүсіндерге мемориал құрылыстар кіреді. Бұл латынның «мемориалист» – «ескерткіш» деген сөзінен шыққан. Қазақстан жерінде көне ескерткіштер палеолит дәуірінде пайда болды. Алғашқы қауымдық мәдениетке жауынгер-жасақтарды, кейде балалы ананы бейнелейтін балбалдар (тастан қашалған бейнелер) жатады. Мұндай ескерткіштер Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Орта ғасырға жататын қорымдардағы тас-мүсіндердің («Қойтас», «құлпытас» т.б) бетіне көбінесе көгеріс пен геометриялық өрнектер салынып безендірілген. Қазақстан жеріндегі кәсіптік мүсіннің пайда болуы 3 мың жылдан асады. Тас мүсіндер тарихта болған адамдарды еске түсіру үшін жасалған жеке кісінің бейнесі (балбал) ретінде қашалды. Мүсін өнерінің бұл түрі түркі қағандығы мен оғыз заманы өнерінде кең қанат жайды.

Қазақстан жерінде 6-8-ғасырларда түркілердің үстемдік етуімен бірге төрт бұрышты тас тақталармен қоршалған, болмаса үйілген қабірлердің үстінен тастан немесе ағаштан жасалған, бетін шығысқа қаратқан адам тәріздес мүсін орнату дәстүрі туды.

Шағын формадағы мүсіннің әрқайсысы бір-бірімен мазмұндық жағынан тығыз байланысты болғанмен олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады. Мемориал ескерткіштерде мүсін шығармалар – статуялар мен рельефтер сәулет өнерімен терең қабысып жатыр. Сондықтан кейде оларды мүсін-сәулет ансамбльдері деп те атайды.

Ескерткіштер мен мемориал ансамбльдерде азаматтық, патриоттық ойлар мен сезімдер өз кескінін табады. Монумент мүсіндерге сондай-ақ саябақтарды, жекелеген үйлерді безендіретін туындылар да қосылады. Ол – сәндік монумент мүсіндер деп аталады.

Сөздік:

ойып безендіру, әсемдеу – инкрустация ескерткіш – памятник

кең қанат жайды – распространился қашау – долото

қондырғы, орнату – установка көне дәуірде – в древней эпохе

мүсін туындылары – скульптурные произведения

10-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Мүсін өнеріне не жатады? 2. Мазмұнына қарай мүсін қаншаға бөлінеді? 3. Мүсіннің қандай өңдеу тәсілдері бар? 4. Тас мүсіндер не үшін қашалады? 5. Көне ескерткіштер қашан пайда болды? 6. Мүсін орнату дәстүрі қашан пайда болды?

11-тапсырма. Сөйлемдерді мәтіннің мазмұнына қарай өзгертіп жазыңыздар.

1. Мүсін өнері латынның – «ою» деген сөзі.

2. Мүсін «жүннен» жасалады.

3. Мүсіннің өңдеу тәсілдері: тасымалдау, жинақтау, әрлеу.

4. Қазақстан жерінде кәсіптік мүсін болған емес.

5. Мүсін шығармалары тіл өнерімен терең қабысып жатыр.

12-тапсырма. Мәтіннен қатыстық сын есімдерді тауып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і :Алаша хан кесенесі – сахаралық сәулет өнерінің үлгісінде салынған тарихи ескерткіш.

13-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне тәуелдік жалғауын жалғап, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Кәсіп, байлық, сұлулық, жасақ, батырлық, ерлік, азаматтық, кітап, көлік, шаттық, ризық, мектеп, академик, суреткерлік, әдемілік, беріктік, қолайлылық.

14-тапсырма. Көптік жалғауында тұрған сөздердің астын сызып, олардың жалғану тәртібін түсіндіріңіздер.

Мемориал құрылыстар – белгілі бір елдің тарихы мен қалаларының айтулы мерзіміне (даталарына), халықтың соғыс кезіндегі және бейбіт еңбек ерліктеріне арналып салынған архитектуралық құрылыстар, сәулет-мүсінді ескерткіштер ансамблі. Мемориал құрылыстар бір немесе бірнеше адамның есімін мәңгілік есте сақтау үшін де салынады. Пішімі мен композициялық құрылымына қарай ежелгі мемориал құрылыстар қорғандардан, шикі кірпіштен қаланған, күйдірілген кірпіштен өрілген және табиғи тастардан қиып орнатқан кешендерден тұрады.

15-тапсырма. Қазақстанның жеті кереметінің бірі – «Алтын адам». Оның мүсінінің сәулет өнерінде алатын орны туралы ойларыңызды айтыңыздар.

16-тапсырма. Қазақстандағы салынған сәулет-мүсінді ірі-ірі мемориал құрылыстарын атап шығыңыздар.

17-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, буын түрлерін ажыратыңыздар.

Қаһарман қала

Ұлы Отан соғысы жүріп жатты. Жау Ленинград қаласын қоршауға алды. Қоршау тоғыз жүз күнге созылды. Қала жауға берілмеді. Қаһарлы соғыстың қиындығын жеңді. Ол Қаһармен қала атанды.

Қаһарман қалалардың қандай мемориалдық құрылыстарын білесіңдер?

Әдістемелік ұсыныс: Архитектуралық шағын формалардан тұратын мемориалдық құрылыстар кешендерін сипаттау.

Әдебиет: Нег.: 5 [4-7]; Қос.: 19 [30-32]

Бақылау сұрақтары:

1. Мүсін өнеріне не жатады?

2. Мазмұнына қарай мүсін қаншаға бөлінеді?

3. Мүсін орнату дәстүрі қашан пайда болды?

 

1-апта. 3-тәжірибелік сабақ

18-тапсырма.Мәтінмен танысып, бейнелеу өнерінің салалары туралы өз білетіндеріңізді қосып, толықтырып, мазмұндаңыздар.

 

Просмотров: 269

Вернуться в категорию: Строительство

© 2013-2017 cozyhomestead.ru - При использовании материала "Удобная усадьба", должна быть "живая" ссылка на cozyhomestead.ru.